• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КӨРШІ ХАҚЫСЫ – ҚҰДАЙ АҚЫСЫ

Автор:admin

Июл 16, 2023
Spread the love

Қазақстан – көпэтносты, көпдінді мемлекет. Бір шаңырақтың астында тоқайласқан сан түрлі ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып отырған еліміздің бүгінде өзіндік даму жолы, байыпты бағыты бар.
Еуразия кіндігі саналатын елімізде мемлекеттік этносаясат жемісті жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан барлық этностарға тең мүмкіндік жасалған. Әрбір этностың өзіндік сат-санасы мен әдет-ғұрпы, дәстүрі, тілі, діні сақталып, ұлттық ерекшеліктердің жүзеге асырылуы қалыпты жағдайға айналған. Бұлай болуы заңды да.
Кезінде империялық дәрежеге жеткен Алтын Орда, Осман мемлекеттерінің тарихына көз жүгіртсек, олардың қай-қайсысында болмасын, мемлекеттілігінің сан түрлі ұлттардан, әртүрлі діндерден құралғанын байқауға болады. Мұның барлығы да әртүрлі ұлтқа, тілге, дінге деген төзімдігін қағидаттарын берік орнықтырудың арқасында жүзеге асты.
Қазіргі кезде әлемде жеке бір ұлттан құралған мемлекет жоқ деуге болады. Белгілі бір ұлттар ерекше басымдыққа ие болғанмен аз болса да түрлі этностардың өкілдерін кездестіруге болады.
Қазақстан көрші елдермен тату-тәтті әрі тығыз қарым-қатынас орнатқан ел. Солардың қатарында Ресей Федерациясының орны еліміз үшін ерекше. Екіжақты ынтымақтастықтан бөлек, сауда, логистика, т.б. көптеген бағыттарда екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнатылған.
Екі елдің мәдени, спорттық, т.б. бағыттардағы байланыстары да үлкен.
Бүгінде Қазақстанда 1,5 % орыстар тұратын болса, Ресейде 0,5% қазақ тату-тәтті ғұмыр кешуде. Екі елдің сан тараулы байланысын арттыруда мұның маңызы өте жоғары. Мұны екі ел арасындағы барыс-келіс, алыс-беріс мәселесінде өзіндік ерекше мәнге ие деуге болады.
Жалпы, екі жақты байланысты арттырудан екі елдің де ұтылмасы анық. Құдай қосқан көршілер арасындағы татулық мәңгі болғай!

Шымкент қалалық өзбек этномәдени  бірлестігінің төрағасы Т. Нишанбаев

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика