Бүгін Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 88 пәтер кілті табысталды.
Тұрғындардың қуанышын бөлісуге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, пәтер иелеріне ізгі ниетін білдірді.
Үш қабатты «Яссауи» тұрғын үй кешенінің аумағында балалар ойын алаңшасы, көлік тұрағы бар және инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.
Облыс орталығында тұрғын үй кешендерінің құрылысы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығында тағы 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Бұл үйлерге 2 мыңнан астам отбасы қоныстанады.
Биыл бюджет есебінен 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты тұрғын үй салу көзделген. Сонымен қатар осы жылы жалпы 191 үй салу жоспары бекітілді. Бүгінде 159 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Жалпы, Түркістан қаласы халықты баспанамен қамту бағытында елімізде алдыңғы қатарда. Облыс орталығында соңғы 5 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 2558 азамат баспаналы болды. Жаңа шағынаудандар пайда болып, тозығы жеткен тұрғын үйлер ретке келтірілді.
Мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Қазастан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:
— әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
— мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
— Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
— арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
— кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
— инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
— өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
— Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
— мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.
Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:
— Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер;
— Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер;
— Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.
— Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту:
1. Жұмыс орындарын квоталау.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2-ден 4% — ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру.
Механизм шеңберінде мүгедектектігі бар адамдарға арналған жұмыс орнын жабдықтаған және арнайы жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің шығындары өтеледі.
2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің шығыстары 300 АЕК (1 млн.теңге) мөлшерінде бекітілді және өтеледі.
Бұдан басқа, жабдықталған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады:
— бірінші жылы жалақының 70% — мемлекет субсидиялайды (бұл ретте субсидияланатын бөлік 30 АЕК-тен (103,5 мың теңге) аспауға тиіс), 30% — жұмыс беруші субсидиялайды;
— екінші жылы 65% — мемлекет, ал 35% — жұмыс беруші;
— үшінші жыл 60% — мемлекет, ал 40% — жұмыс беруші.
3. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылады.
Ұлттық жоба шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтуге, «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) базасында онлайн оқытудан өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алуға, «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобаларына қатысуға, сондай-ақ, «Жастар практикасы» жобасына жастар қатарындағы адамдар алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін ала алады.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына ұзақтығы отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын қосымша ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтағы кемінде алты күнтізбелік күнге беріледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүгедектік кезеңі бар зейнетақы аударымдардан мерзімсіз босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, Қазақстанда 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар іске асырылуда. 2023 жылы БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына Факультативтік хаттама ратификацияланды.
Әлеуметтік кодекс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді, оның ішінде: мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру.
Елімізде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі құрылды:
Бірінші деңгей – базалық – мемлекеттік бюджеттен мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы. Оның мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады. Күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты жәрдемақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне көтерілуге кепілдік беріледі.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері 7%-ға өсті. Мысалы, жалпы аурудан мүгедектігі бар адамдар үшін жәрдемақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда: бірінші топ үшін – 89,2 мың теңгеден 95,5 мың теңгеге дейін; екінші топ үшін – 71,4 мың теңгеден 76,4 мың теңгеге дейін; үшінші топ үшін – 48,7 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін өсті.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылардың саны 541,8 мың адамды құрайды, ал оның орташа мөлшері – 74 мың теңге. Бұл ретте соңғы 6 жылда мүгедектігі бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 2,3 еседен астам өсті.
Екінші деңгей – міндетті – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер. Олардың мөлшері қызметкердің табысына, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты. Үкіметтің шешімдеріне сәйкес МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты көтеріледі, 2024 жылы – 7%-ға артады. Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 93,7 мың адам еңбекке қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алды, олардың орташа мөлшері 57 мың теңгеден асады.
Үшінші деңгей – сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері. Егер еңбек ету қабілетінен айырылу еңбекте жүріп мертігумен немесе кәсіптік аурумен байланысты болса және зардап шеккен жұмыскердің пайдасына жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жасалған жағдайда берілетін төлем.
Сондай-ақ қазіргі уақытта 871 ұйым (барлығы 1 мыңнан астам) мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсетеді. 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру енгізілуде, бұл жеке бизнесті тартуға ықпал ететін болады. Аталған шара арнаулы қызмет көрсететін ұйымдардың желісін кеңейтуге және оларды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде «сыйымдылығы шағын үйлер» жобасы басталды
Оның мақсаты – тұрғылықты жері бойынша мүгедектігі бар балаларды күндізгі күтіммен және әлеуметтендірумен қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін 35 оңалту орталығы жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін ересектер мен балаларға арналған тағы 12 оңалту орталығын салу жұмыстары жүргізілуде.
Бірнеше жылдан бері мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушілер мен жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істеп келеді. Портал оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау көрсеткішін 93%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді ұсыну процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Есту және көру қабілеті нашар адамдар үшін Порталдың қолжетімді мобильді нұсқасы енгізілді.
Елімізде бірінші топтағы мүгедектігі бар 29 мыңнан астам адамға жеке көмекшілердің, 8 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылады. 147 инватакси қызметі жұмыс істейді, олардың қызметтерін 25 мыңға жуық адам пайдаланады.