Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «2023 жыл — Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына байланысты, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек Лесбекович Ахеловтің және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың қатысуымен мекемеде мамыр айында өткізілген жиналыста еңбек қатынастары туралы мәселелер қаралып, оның ішінде ҚР Еңбек кодексі мен «Кәсіптік одақтар туралы» заңынан түсініктемелер беріліп, жұмыскерлердің құқын қорғау мақсатында мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу қажеттілігі және «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамында болудың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық мағлұматтар берілген болатын.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2023 жылдың 06 маусымында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, мекемедегі ұжым мүшелерінің 35 адамы толығымен 100% кәсіподақ мүшелігіне кіріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарған.
Мекеменің жалпы жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Алдасаев Талғат Кулдасович және тексеру комиссиясының төрағасы болып, Кыдырбаев Мухтар Еркинбекович сайланған.
Ағымдағы жылдың 07 маусымында мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік — еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан №113 санды номерімен тіркеуден өткен.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі — мекеменің басшысы Ермек Лесбекович Ахеловтің және қызметкерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Кулдасович Алдасаевтың арасында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойған.