Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасындағы (Роща) Литотриптер «Compact Sigma» аппараты күрделі жөндеуден өтіп, толық қуаттылықта іске қосылды. Аталған медициналық құрылғының көмегімен дәрігерлер бүйректегі, зәр шығару жүйесіндегі кіші тастарды операциясыз алып тастайды.
Аппаратты іске қосуға қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, нәтижесінде медициналық техниканы жөндеу үшін «Қайырымды қала» қорынан қаржы бөлініп, құрылғының қосалқы бөлшектері сатып алынды.
Литотриптер «Compact Sigma» аппаратының көмегімен мамандар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына бүгіннен бастап медициналық қызмет көрсетуді бастады.
Ем-шара тастарды жарықшақтарға бөлу үшін дыбыстық немесе соққылық толқындарды қолдануға негізделген. Бұл жарықшақтар ағзадан несеп арқылы шығарылады. Емдеу дистанциялық соққылық-толқындық әдіспен жүргізіледі.
Мұндай қажеттілікке шамамен жылына 880-920 науқас жүгінеді, босанған әйелдерге және мүмкіндігі шектеулі науқастарға да көмек беріледі, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.