«Отан қорғаушылар күні», » Жеңіс күні» мерекесіне орай Келес аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Абай ауылында орналасқан Ж.Баласағұн мектебінде іс-шара өтті. Оған полицейлер, Келес аудандық ІІО ардагерлері, аудандық «Аманат» партиясы филиалының төрағасы әрі ауған соғысының ардагері Ахмет Жұмабеков пен басқа да ардагерлер қатысты. Шара барысында оқушылармен тәрбиелік негіздегі кездесу өтті. Өскелең ұрпаққа атаулы мерекелердің мән-маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар ардагерлер өздерінің соғыс кезіндегі бастан кешкен тарихи оқиғаларымен бөлісті. Оқушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтараға жауап беріліп, идеологиялық жұмыстар жүргізілді. Жиын соңында мектеп ұжымы мен оқушылар, келген қонақтарға өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды.
Келестік полицейлер ұйымдастырған іс-шара одан әрі Ұлы Отан соғысы ардегерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне құрмет көрсету, сондай ақ жеңіс үшін соғыста қаза тапқандарды еске алу шарасымен жалғасты. Атап айтсақ, тәртіп сақшылары Қазақстан ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері әрі ІІО зейнеткері марқұм Сапақ Базарқұловтың қара шаңырағына барды. Қазіргі таңда бұл үйдің тірегі, әке жолын жалғастырушы, ҚР ІІО құрметті зейнеткері Нұрғали Базарқұлов. Полицейлер аталмыш отбасымен кездесіп, мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.
Келесі шара ардагерлерден құрылған командалар арасында үлкен футболдан спорттық жарыс өтті. Жарысқа көрші Өзбекстан Республикасының бұрынғы кеңес үкіметі кезіндегі чемпион командасы «Пахтакор» футбол клубының ардагерлері мен Шымкент қаласының қазіргі «Ордабасы» футбол клубының бұрынғы ардагерлері шақыртылып, үлкен көлемдегі спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық жарыс кезінде, Келес аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Нұртаев сөз сөйлеп, өзінің құттықтау тілектерін арнады.