• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Келес ауданында ағымдағы жылдың айында аудан тұрғындарына әлеуметтік төлемдер мен атқарылған жұмыстар жетерлік.

Автор:admin

Ноя 5, 2022
Spread the love

1989 жылы 13 қазанда орталығы Абай ауылы болып Келес ауданы үшінші рет құрылады, 1997 жылы сәуір айының 24-де таратылып, Сарыағаш ауданы құрамына өтеді. 2018 жылы маусым айының 8-де аудан төртінші рет қайта құрылды. 2018 жылғы санақ мәліметі бойынша аудан тұрғыны 135819 адамды құрайды. Ауданның әкімшілік құрамына енген 12 ауылдық округте 83 елді мекен бар. Сол елдімекендердегі әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар мемлекеттен алатын көмек түрлерінің барлығын рет ретімен алып жатыр.
Атаулы әлеуметтік көмек 2022 жылдың I тоқсанында 1399 отбасының өтініші тағайындалған, II тоқсанда 1035 отбасының өтініші тағайындалып қаржысы төленген. Жалпы екінші тоқсанда өтініші қайталанған отбасы 690 отбасын құрап, нәтижесінде екінші тоқсанда 1729 отбасының 10373 мүшелеріне (шарттысы — 1563 отбасы, шартсызы – 180 отбасы) АӘК тағайындалып төленді. Ал үшінші тоқсанда 2147 отбасының 12924 мүшелеріне (шарттысы — 1961 отбасы, шартсызы – 210 отбасы) АӘК тағайындалып ай сайын төленіп келеді. Осы жылдың қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтардың қаржысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төлемге жіберіліп келеді. Жалпы тағайындалған отбасыларына төлем орталығы арқылы төленген қаржы 363131,7 млн теңге.
Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына 20712 дана әлеуметтік азық түлік және химиялық гигиена тауарлары берілді.
2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтардың қаржысын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төлемге жіберілетіндігі әлеуметтік келісім-шарт жайлы және кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бойынша бөлім және орталықтың мамандары ауданның ауыл және ауылдық округтерінің тұрғындарына бірнеше рет түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы орайда айта кетерлігі Келес ауданы бойынша жалпы 2022 жылда 3728 мүгедектігі бар адамдардың саны тіркеліп, соның ішінде 1-топ 2-топ, 3-топ мүгедегі – 3494 азамат және 16 жасқа дейін -227 мүгедек балалар анықталды соның ішінде 7 жасқа дейін 97; 7-16 жасқа дейін 130.
• Міндетті гигиеналық құралдарына — 485 мүгедектігі бар адамдар тіркеліп, соның ішінен — 483 мүгедектігі бар адамдар aleumet.kz порталы арқылы гигиеналық құралдармен қамтылды.
• Санаторлық курорттық мекемелерде ем алуға 2022 жылдың 8 айдың қорытындысымен жолдама алуға 620 зейнеткерлер өтініш беріп, 498 зейнеткерге сауықтыру орындарында баруға жолдама берілді.
• Санаторлық курорттық мекемелерде ем алуға мүгедектігі бар 731 азамат өтініш беріп, 458 мүгедектігі бар азаматтар aleumet.kz портал арқылы сауықтыру орындарына жолданды.
• Құлағы естімейтін сурдотехникалық құралдарын есту аппараттарын алуға – 27 мүгедектігі бар азаматтар 63 құралдарға өтініштері қабылданып, 27 мүгедектігі бар азамат 63 құралдармен қамтылды.
• Көзі көрмейтін тифлотехникалық құралдарын алуға – 48 мүгедектігі бар азаматтардан 172 құралдарға өтініштері қабылданып, 48 мүгедектігі бар азаматтар 141 құралдармен қамтылды.
• Тірек қимылы бұзылған протез-ортопедиялық құралдарын алуға 250 мүгедектігі бар азаматтардан өтініш қабылданып, aleumet.kz порталы арқылы 101 мүгедектігі бар азаматтар 110 құралдарымен қамтылды.
• Әлеуметтік және инва такси қызметін алуға мүгедектігі бар, жүріп тұруы қиын І-ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, емдеу сауықтыру мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін 105 азаматтардан өтініш тіркеліп толығымен қызмет алуда.
• Тірек қимылы бұзылған кресло араба алуға жыл басынан 74 мүгедектігі бар азаматтар тарапынан 74 қоларабаға өтініш тіркеліп, 66 мүгедектігі бар азаматтар 93 кресло арабамен қамтылды.
• Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға 173 өтініш негізінде 2 айлық есептік көрсеткіштен балалардың оқуға арналған құрал саймандарына қаржы төленіп отыр.
• Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектігі бар азаматтардың құжаттарын рәсімдеу үшін 2022 жылдың 1 тамыз айына дейін қызметін алуға І-топтағы жүріп-тұруы қиын 109 мүгедектігі бар азаматтардан өтініштер, қабылданып қызметтерін алуда.
• Шымкент қаласындағы №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жолдама алу үшін 2022 жылы 8 айына 46 мүгедек азаматтардан өтініштер қабылданып, 31 мүгедек азаматтар жолдамамен қамтылды.
• Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған аудандағы мүмкіндігі шектеулі 20 Іс әрекетіне қабылетсіз азаматтардың туыстарының бөлімге жазған өтінішіне сәйкес, аудан әкімдігінің қаулысы негізінде «Қорғаншы етіп белгілеу туралы» қаулысы дайындалып берілді.
Азаматтардың хал актілерін тіркеу бойынша төмендігіні мәлімдеймін.
Келес ауданы көлемінде азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстарын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ саласы атқаруда.
Азаматтардың хал актілерін тіркеу бойынша да көрсетілетін қызметтің барлығы ХҚКО арқылы, Электронды үкіметтің порталы арқылы көрсетіліп келеді.
АХАТ саласында- 2022 жылдың 8 айында барлығы: 2921 азаматтық хал актілері тіркелді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 04.04.2022 жылы №276 «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өзектендіру жөніндегі жоспары бекітіліп, Келес ауданы бойынша 150 398 өзектендіруге жататын акт жазбалар өзектендіріліп орындалды. Алдағы таңда азаматтар барлық өздеріне және отбасы мүшелеріне керек құжаттарын электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің еңбек мигранттарына рұқсат беру, берілген рұқсаттың мерзімін ұзарту және қайтарып алу ережесін бекіту туралы 15.04.2022 жылғы №123 бұйрығына сәйкес. 16.04.2022 жылдан бастап Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аталған қызметті көрсете бастады.
Қызметті көрсету барысында:
Түскен өтініштер саны-82
Қанағаттандырылғаны-40
Оның ішінде: Абай а\о -20 өтініш. Қошқарата а\о- 9 өтініш. Біртілек а\о -6 Ұшқын а\о -5 өтініш
Бас тартылғаны-42
Бас тартылу себептері, құжаттары түгел болмауы және ішкі істер органдарының келісімінің болмауы.
«Аманат» партиясының сайлау алды «өзгерістер жолы» кедергісіз келешек құру бағдарламасы бойынша:
Мүгедектігі бар адамдар үшін «кедергісіз орта» құру, бойынша 2012-2020 жылы аралығында 132 нысан бейімдеуден өткен, ал 2022 жылы 15 нысан жоспарланып бекітілген, бүгінгі таңға бейімдеуден өтетін мемекемелер мен кәсіпкерлік субьектілеріне бөлім тарапынан хаттар беріліп аталған мемлекеттік мекемелер жергілікті бюджеттен қаржы бөліп жыл соңына дейін аяқтайтын болып отыр.
2022 жылда «Қамқорлық» жобасы аясында демеушілер тарапынан 80 отбасына азық-түлік себеті, материалдық көмек, киім-кешек берілді, және тұрғын үй мен қамтамассыз етілді.
Ардагерлер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Аудан бойынша 2022 жылы – 10656 зейнеткерлер санын құрады.
1-Наурыз алғыс айту күніне орай аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға демеушілердің қолдауымен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайда қолданатын 20 азаматтарға азық түлік себеті берілді.
«Қазыналы қария –Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бойынша
Аудан әкімі Ақментай Үсенұлының қолдауымен 2022 жылдың 1 аурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай, Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыналы қария – Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Орталық қазіргі таңда аудандағы зейнет жасындағы аталарымыз бен әжелерімізге стандартқа сәйкес, әлеуметтік қызметтер көрсетіп келеді.
Орталыққа 2022 жылға жергілікті бюджет есебінен 100,0 миллион т.г қаражат бөлінген.
Орталықта көрсетілетін қызмет түрлері:
• Емдік дене шынықтыру.
• Тұз кешені.
• Терапевт кеңесі
• Шахмат тақтасы,тоғызқұмалақ, домино,
• Компьютерді, интернетті үйрету курстары.
• Кітапхана.
• Мейіргерлік сүйемелдеу.
• Психолог.
• Массаж.
• Қолөнер.
• Үстел теннисі
• Билярд
• Гимнастика
Спорттық шаралар
Қариялар бойынша: Бүгінгі күнге дейін «Қазыналы қария-тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 280-зейнеткер қабылданды. Оның ішінде ер адамдар — 120, әйел адамдар — 160 зейнеткер қызмет алып жатыр. Күніне жалпы 50 зейнеткерге қызмет көрсету кестесі бекітілген. Зейнеткерлер күнделікті белгіленген кесте бойынша емдік шараларын қабылдап, қызмет алуда.
Мүгедектігі бар азаматтар бойынша: әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ауданымыздың мүгедектігі бар азаматтарына әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек, әлеуметтік қызмет алу және жұмысқа орналастыру қызметтері бойынша көмектер көрсетіледі. Көзі нашар көретін жандарға брайль әдісімен оқытылатын кітаптар ұсынылған. Қазіргі таңда орталығымызда 72 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген.
Қазіргі таңда орталық арқылы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда қызмет алушылар арасында тенис, билярд, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнаудан жарыстар тұрақты түрде өткізіліп жатыр. Психологиялық тренингтер, Шәмші әндері мен ақын-жазушылар өлеңдерін көркем айтудан сайыстар да қызмет алушылардың белсенді қатысуымен өткізілді. Келес ауданының ауыл округтерінің мәдениет үйлері өнерпаздарының атсалысуымен зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға арнап қойылып жүрген концерттік бағдарламалары қызмет алушылардың көңілдерінен шығып, алғыстарын алып жатыр. Іс-шараға белсенді қатысып, үздік болған қызмет алушыларға орталық атынан түрлі марапаттар мен сый-сияпаттар тапсырылды. Қызмет алушы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандар орталық қызметіне өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.
Алдағы уақытта орталықта көрсетілетін қызмет түрлерінің санын арттыру көзделуде. Қызмет алушылар үшін тыныс жолдарын жақсартуға арналған ингаляция, буын аурулары бар зейнеткерлер үшін электрофарез құрылғыларын іске қосу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлануда. Аудан тұрғындарына әлеуметтік сала бойынша қолжетімді қызметтерді уақытылы көрсету және әрі қарай жетілдіру мақсатында тиісті жұмыстар ұдайы бақылауға алынып жүргізілетін болады. Осы орайда айта кету керек көмекке мұқтаж ауыл жұрты облыс әкімдінің қоғамдық қабылдау парақшасына да өз жазбаларын қалдырып тұрады. Мұндай жазбаларға аудан тарапынан дер кезінде жауап беріліп, тиісті шаралар қабылданып жатады. Мәселен: Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік желідегі қоғамдық қабылдау парақшасына жазған Абай ауылының тұрғыны К. Давиталиеваның өтініші бойынша төмендегіні мәлімдеймін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N64 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу» қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес отбасының балаларына мектеп құрал-жабдықтары мен мектеп формасын алу мақсатында аудан бойынша 3184 балаға бір реттік көмек көрсетілді.
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары мен ата ана қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылып, 3184 оқушының ата-аналарының (заңды өкілдерінің) есеп-шоттарына қаржы аударылды.
Келес ауданындағы Ө. Жәнібеков атындағы N2 мектебінде білім алатын әлеуметтік көмек алатын отбасының 154 баласына мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал жабдықтар алу үшін ата-аналарының (заңды өкілдеріне) есеп-шоттарына қаржы аударылды.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарапынан 220 мың теңге қаржы жиналып, 7 балаға мектеп формасы берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N64 Қаулысымен бекітілген Қағиданың 4-тармағына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелетке толған білім алушының өтініші негізінде бөлінеді.
» Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасын табатын болады. Акция аясында алдағы уақытта Клара Давлаталиеваның құжаттары зерделеніп, демеушілер тарапынан көмек көрсетілетін болады.
Тағы бір мысал: Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік желідегі қоғамдық қабылдау парақшасына жазған Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Абдурасилова Нурила Оспановнаның өтініші бойынша төмендегіні мәлімдеймін.
Абдурасилова Нурила Оспановна отбасында өзі және 4 баласы 2001 жылғы баласы Мамбеталиев Бауыржан Бекзатұлы, 2003 жылғы Мамбеталиев Сапар Бекзатұлы, 2007 жылғы Есенгелді Мейіржан Бауыржанұлы, 2012 жылғы Есенгелді Мейрамбек Бауыржанұлы тұрады. Осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бермеген. Абдурасилова Нурила Оспановна мемлекеттен алатын көмектері 2 баласына асыраушысынан айырылуына байланысты алатын жәрдемақысы 56 183 теңге, 2 баласына мүгедектігіне байланысты алатын жәрдемақысы 59 726 теңге, 1 баласына қараушысына берілетін жәрдемақысы 56 183 теңге теңге қаржы. Аталған азаматша ағымдағы жылдың 1 — қазаннан бастап атаулы әлеуметтік көмектің 4 — тоқсанына өтініш бере алады. Сонымен қатар, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар тізіміне енгізіліп, алдағы уақытта демеушілер тарапынан көрсетілетін көмек түрлері көрсетілетін болады. Тұрғын-үй мәселесі бойынша жеке ЭЦП кілтін қолданып «Е-GOV» порталы арқылы онлайн түрде тұрғын-үй кезегіне тұруға мүмкіндігі барын мәлімдеймін.
Бөлім басшысы Г.Куралбаева

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика