Келес ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында өңір полицейлерінің 2023 жылдың 3 айында атқарған жұмыстарының қорытындысын талқылау бойынша жедел кеңес отырысы өткізілді. Жедел кеңеске Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов төрағалық етті.
Іс-шара барысында Келес аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е.Жаппаров, жедел қызмет жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Ш.Жақыпбеков пен кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция полковнигі С.Отыншиевтер, өз салалары бойынша атқарған жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ жеке құрамға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Өз кезегінде полиция полковнигі Қ.Сахов әр сала бойынша жіберілген кемшіліктерге тоқталып, оны жою бойынша алдағы уақытта жасалу керек жұмыстарды нақтылап, тапсырмалар берді.