• Вт. Авг 5th, 2025 1:11:00 AM
Популярные метки

КЕЗЕКТІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Автор:admin

Май 20, 2025
Spread the love

Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарына деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Әуезханов және теолог маманы Нуритдинов Бахауаддин қатысты. Теолог маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауап берілді

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика