• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ИЕСІЗ ИТ ПЕН МЫСЫҚҚА ПАНАЖАЙ САЛЫНУДА

Автор:admin

Июн 23, 2023
Spread the love

Соңғы жылдары қараусыз ит пен мысықтың саны күрт артуы қалың көпшіліктің алаңдауына себеп болып тұр. Қала тұрғындары кішкінтай бүлдіршіндер үшін уайымдайтынын айтып партияға шара қолдануын сұраған болатын. Бүгін «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері Ақтас шағынауданында болып, иесіз ит-мысыққа арналған панажай құрылысымен танысты. Аталмыш мекеннің құрылыс барысын бақылау үшін жетекші партияның бақылау бекеті құрылды. Абай аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев жұмыс барысын бақылап, бүгінгі таңда атқарылған жұмыс нәтижесімен танысып шықты. Оның айтуынша, партияның «Халықпен бірге» деп аталатын сайлауалды бағдарламаның 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасында иесіз қалған ит-мысықтардың паналайтын жерін ұйымдастыру қарастырылған болатын. Бүгінде нысан құрылысы қарқынды жүруде. 2024 жылы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады деп күтілуде.
Мәжіліс пен Сенатта талқыланып, қабылданған заңның нормаларын орындау үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларды ұстау, қарау, аулау, уақытша ұстау, панажай қызметі, есепке алу, тасымалдау, серуендету, қоғамдық бақылау, вакцинациялау, стерилизациялау туралы жалпы 14 нормативтік-құқықтық акт дайындап бекітті. Сол актілердің ішінде, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» № 171 бұйрығы қабылданды. Соған сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі бюджет қарастырып, 2023 жылы иесіз жануарларды стерилизациялау, яғни кастрация жасау арқылы гуманды түрде, қаңғыбас жануарлардың өсімін болдырмау жөніндегі жұмыс барысын жоспарлады. Аталған бағытқа 139 500 000 теңге қаржы қарастырылған. Бұған бекітілген заң нормаларын орындау мақсатында, аулау қызметі тарапынан жануарлардың жиналу орындарын мониторинг нәтижелері бойынша және азаматтардың өтініштері бойынша оны аулайды. Қоғамға қауіп төндірсе, шабуыл жасаса, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, ізгілікті жолмен жансыздандырады. Қоғамға қаупі болмаса, ауруы жоқ болса, оқшаулау орнына жеткізіп, клиникалық тексеру жүргізіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика