«ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» партиялық жобасы аясында құқықтанушы мамандар қабылдады.
Қабылдау барысында Департаменттің сала мамандары, сонымен қатар адвокат А.Абишев, жеке сот орындаушысы Б.Хамитов, «Zangerler Palatasy» заң консультанттар палатасының заң консультанттары А.Мырзагалиева, А.Ақылбекова, Шымкент қаласының Заң консультанттары палатасының заң консультанттары Л.Черная, Б.Джумабаева жүгінген азаматтарға жылжымайтын мүлікті тіркеу, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, алимент өндіру, банк алдында берешегі бар азаматтардың төлем жасау, жеке тұлғаларды банкрот деп жариялау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берді.
Жасырын емес, қазіргі таңда адамдарға сапалы құқықтық кеңес қажет ақ. Бірақ заңгер мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес.
Көшбасшы партия да азаматтардың құқықтық сауатын арттыруды көздейтін жобалар жүзеге асып жатқаны белгілі. Мегаполисте өткен бүгінгі шараға да заң сарапшысы, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар келді.
Тұрғындар сала мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, заң кеңесіне жүгінді. Олар азаматтық, отбасылық және еңбек мәселелері бойынша кеңес алды. Мәселен, Достық шағын ауданының тұрғыны Нышанбай ата жер дауымен юстиция мамандарынан көмек сұрай келген. Құжатсыз жерге үй салып, енді баспанадан айырылып қалуға шақ. Мамандар мұңын шағып келгендерді мұқият тыңдап, мәселе шешімін іздеді. Істерін бақылауға алды.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндер саны артуда. Өткен жылы партияның қалалық филиалына 10 мыңға жуық адам әр түрлі жағдаймен келсе, жыл басынан бері азаматтар тарапынан 893 өтініш жасалған.