Жастар тәжірибесіне 160 адам жоспарланса, бүгінгі күнге 32 жас аудандағы 18 мекемеге жолдамамен жіберілді. Жастар тәжірибесінің жоспары жылдағы тәжірибеге сәйкес маусым-шілде айларында жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітіргендер келуіне байланысты жыл соңына дейін толық орындалатын болады. Ақылы қоғамдық жұмысқа 620 адам жоспарланып, қазіргі күнде 395 адам ауылдық округтерге жолдамамен жолданды. Жіберілген адамдардың ішінен 29 жасқа дейінгі жастар саны – 38 адам.
Жыл басынан пробация бойынша ауылдық округтерден орталыққа –30 адам қайырылып, оның 11-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қалған 19 адамның 9-ы ұсынылған жұмыстан денсаулықтарына байланысты бас тартса, 10 адамға зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округтерден квота бойынша мүмкіндігі шектеулі 59 азамат орталыққа қайырылып, оның 25-і тұрақты жұмысқа орналасса, 28-і қайтарымсыз грантқа үміткер ретінде тіркеліп, 6-уы ауданнан тыс жерлерден жұмыстар іздестіруде. Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында бағдарлама шеңберінде ауданнан ерікті түрде Солтүстік Қазақстанға, 2021 жылы, 3 отбасы – Айыртау, Шарбақты аудандарына қоныс аударды. Биылғы жылы Ойтал ауылдық округінен 2 отбасы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданына қоныс аударуға өтініш білдіріп отыр.
Аудан тұрғындарын және жастарды жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері 2 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Онда 120 бос жұмыс орны ұсынылып, 28 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жастар саны – 11. Негізінен, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ауданда тоқсан сайын өткізіліп отырады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар, мамыр айларында орталықтың мамандары «Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және еркін форматта пікір алмасу» тақырыбында, ауылда жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамту мақсатында, барлық ауылдық округтерде 18 бен 29 жас аралығындағы жастармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халықты әлеуметтік қолдау және жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстарды кеңінен насихаттау мақсатында, 2022 жылы аудандық «Меркі тынысы» газетіне – 3, «Меркі ақиқат» газетіне –1 мақала, әлеуметтік желіге (Instagram czn_merki) 25 және (Instagram merke_info) парақшасына 6 мақала жарияланды.
2022 жылы бос жұмыс орындарына – 2113 адам жоспарланса, осы күнге – 469 адам орналасып, бұл көрсеткіш – 22,2 %-ды құрап отыр (оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жастар – 128 адам). Қорыта айтқанда, алдағы уақытта да, ауылдық округ әкімдерімен және ұйым-мекемелер басшыларымен тығыз байланыс орната отырып, қажетті іс-шараларды өз деңгейінде атқаратын боламыз.
R-ақпарат