• Пт. Май 9th, 2025
Популярные метки

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТКЕ ЖҮЗДЕГЕН КӨРЕРМЕН ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Май 9, 2025
Spread the love

Кеше Шымкентте «Астана» алаңында Жеңіс күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында қаланың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, шымкенттіктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Шымкент цирк оркестрі» және «Шымкент концерт» ұжымы жанды дауыста ән салып, түрлі аспаптарда ойнады. Бұл шығармашылық ұжым Жеңіс күніне орай қалада 3 күн бойы өнер көрсетті. Жалпы, Шымкентте Үлы жеңіс күніне арнап түрлі іс-шаралар қаланың барлық жерлерінде өтуде.

— Концерт бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған. Концертке Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін қатыса алады. Мұнда отандық композиторлардың әндері мен эстрада әншілерінің жаңа хит топтамалары орындалады,-дейді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова.

Ал, концертке жүздеген көрермен қатысты. Олар бұл күннің тарихы маңыздылығын айта келе, жастардың бойына патриоттық сезімді сіңіру үшін жаңаша форматта ұйымдастырылған жиындар көп болса деген ізгі тілектерін жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика