Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Кезекті қайрымдылық шара Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Шымкент қаласы білім басқармасының №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-де өткізілді.
Игі шараны Шымкент қаласы бас имам Бақдаулет қажы Нұрмтаұлы, Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбековтер қатысып, жас бүлдіршіндерге ағалық кеңестерін айтып, баталарын берді.
Жалпы, рухани шараға 75 бүлдіршін қатысты. Олар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды нақты жауаптарын алды. Әсерлі кездесу соңында барша қатысушыларға түрлі тәттілер санылған «Рамазан тәттісі» үлестірілді.
Кездесу аясында «Шымкент қаласы білім басқармасының №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-ның директоры Бектемисова Алия Құрманқалиқызы алғыс айтып, діни басқармасының жұмысына ризалық білдірді.
Еске салар болсақ, 5 сәуір күні «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шымкент қалалық филиалы қайырымдылық шарасын өткізді. Аталған шара «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Дюсеновтың бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Қайырымдылық акциясына «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков, медицина қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, Шымқент Қаласы Әл-фараби ауданы, Зеқет Қайрымдылық қорының ұйымдастырумен «Ордабасы» мешітінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында аз камтылған отбасыларға азык түлік үлестірілді. Қайрымдылыққа үлес коскан жандарға Алла разы болсын.