• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

Автор:admin

Мар 31, 2023
Spread the love

Ағымдағы жылғы 31 наурыз күні Шымкент қалалық «Достық үйі» ғимаратында ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 Қаулысына сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін ілгерілету бойынша Шымкент қалалық этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова жүргізді.
Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде сөз қозғалды.
Біздің ортақ жұмысымызда ең алдымен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыруға бағдарланамыз. Алайда, бұл жұмысқа тек Агенттіктің күшімен ғана қол жеткізу мүмкін емес. Оған қоғамның барлық топтары: азаматтар мен қоғамдық белсенділер, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысуы тиіс. Сондықтан, егер біз сыбайлас жемқорлыққа қатысты санамызды өзгертпесек, пәрменді заңдар да, қатаң жазалар да нәтиже бермейді. Қоғамдық кеңес – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру кезінде Агенттік сенім арта алатын нақты күш», деп атап өтті ассамблея мүшелері.
Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша неғұрлым кешенді және терең жұмысты көздейді. Сана мен моральдік қағидаларды өзгертуге маңызды рөл беріледі. Біздің мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитеті бар қоғам қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық барлық адамдар үшін, ең алдымен шенеуніктер үшін материалдық жағынан тиімсіз болатындай жағдайлар жасалатын болады. Жұртшылықпен бірлесіп, ауқымды әрі үйлесімді жұмыс жүргізу қажет деген ақпарат берілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика