• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Автор:admin

Май 10, 2023
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлының жеке қоғамдық қабылдауы өтті.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен қабылдау барысында тұрғындар мүгедектікке шығу, емханаға тіркелу мəселелері бойынша өтініштер қаралды.
Қалада бүгінде мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға 11 орталық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге арнайы портал арқылы тапсырыс беруде.
Еске салар болсақ №2 оңалту орталығынан бүгін «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылған болатын. «Қазақстан халқына», «Қамқорлық», «Samruk-Kazyna Trust» қоғамдық қорлары арасындағы меморандум аясында ашылған бөлімшеде неврологиялық, ортопедиялық және кардиологиялық патологиялары 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетіледі.
Мұнда нейро-ортопедиялық ауруларға, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға заманауи әдістемелерге негізделген оңалту қызметтері көрсетіледі. Заманауи талапқа сай жабдықталған жаттығу залдары және Механотерапия, Эрготерапия залдары қарастырылған.
Бөлімше оңалтуды қажет ететін балаларды тиісті ем-шаралармен қамту көрсеткішін арттыра отырып, мүгедектікті барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қаладағы №1 және №2 оңалту орталықтарында 18 жасқа дейінгі балаларға бастапқы медициналық қалпына келтіру және оңалту емдері жүргізіледі. Бұл мекемелерде мультитәртіпті команда жұмыс істейді. Реабилитологтар, дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевттер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік және түзету педагогтері, ойын және музыка терапевттері, монтессори-терапия мамандары кешенді ем шараларын жүргізеді.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған басқарма басшысы тұрғындардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауап берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді заң құзыреті шеңберінде шешілетіндігі түсіндірілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика