Келес аудандық сотында, мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары және бас мамандары, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының басшысы және маманы, КМФ микро қаржы ұйымдарының өкілдері, Келес заң консультациясының адвокаттарының қатысуымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында судья М.Ботабеков төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс жүргізуді қозғау салдары рәсімді тоқтату, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімді қабылдау мәселелері жайлы баяндама жасады.
Іс-шара барысында мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары өз сөзінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздері, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, оны тоқтату, сондай ақ рәсімді аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босату жайлы және осы жұмыс мемлекеттік кірістер басқармасында қалай жұмыс жүріп жатқаны туралы айтып өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңа заң бойынша туындаған сұрақтары бойынша өзара пікір алмасып, сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша алдағы уақытта осы заң бойынша азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет екені айтылды.