• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ АШЫЛДЫ!

Автор:admin

Авг 9, 2023
Spread the love
Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары бүгінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстарды ашуда белсенді қолданылуда. Мәселен полицейлер соңғы үлгідегі заманауи технологиялардың көмегімен облыс орталығында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Жедел басқару орталығына күнделікті қызмет атқару барысында есірткі сақтауға күдікті жас жігітке қатысты бағытнама келіп түсті. Бейнебақылау камераларының көмегімен жедел басқару орталығының операторлары оның тұрған жерін анықтап, деректерді патрульдік полицияға берді.
Нәтижесінде Түркістан ҚПБ-ның патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен ер адамды тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер одан есірткіге ұқсас затты тапты. Тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғыны полицияға жеткізді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта қажетті іс-шаралар жүргізілуде және оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика