Шымкент қаласында жаңадан құрылған Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы жиналыс өтіп, ұжым мүшелері бірауыздан бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу туралы шешім қабылдады.
Мекемеге жұмысқа қабылданған 37 адам өз еріктерімен кәсіподақ мүшелігіне кіру туралы өтініштерін беріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірді.
Ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында кәсіподақ төрағасы етіп Берік Әбенұлы Ермекбаевты және тексеру комиссиясының төрағасы етіп Жәмила Нағашбекқызы Дүйсебаеваны сайлады.
Үстіміздегі жылдың 20 шілдесінде мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік — еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан №122 санды номерімен тіркеуден өтті.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың, мекеменің жұмыс берушісі — мекеменің басшысы Қанат Мылтықбековтың және жұмыскерлер атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Берік Ермекбаевтың араларында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылды.
Нәтижесі бойынша Шымкент қаласындағы 5 аудан әкімдіктері жанынан ашылған коммуналдық мемлекеттік мекемелердің бәрінен кәсіподақ ұйымдары ашылып, еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған ұжымдық және келісім шарттар қабылдап, заңды түрдегі еңбек құқықтары қорғалған мекемелер қатарына қосылды.
Егеменді Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың құқықтық жағдайы Конституциямен,Еңбек туралы заңдар кодексімен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады. Кәсіподақтар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекет органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. Кәсіподақтардың құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынады. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. Кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы даулар бойынша түпкілікті шешімдерді сот шығарады. Қазақстанда, негізінен, федерацияға біріккен.
Кәсіподақ ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, тағы басқабайланысты туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады.