Үшінші мегаполисте «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жақында ғана жаңадан құрылып, жұмысын бастаған Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№9арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиынға 50-ге жуық мекеме қызметкерлерімен бірге, мекеменің басшысы Әбілдаева Замира Мамытханқызы қатысты.
Кездесу нәтижесі бойынша ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы бірауыздан мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ащу туралы шешім қабылдап, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы етіп, Әсел Маратқызы Балабекованы сайлады.
Мекемеге жұмысқа қабылданған қызметкерлер толығымен 100% кәсіподақ мүшелігіне кіру туралы өтініштерін беріп, олар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарды.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік — еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге өткізді.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі — мекеменің басшысы Замира Мамытханқызы Әбілдаеваның және қызметкерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әсел Маратқызы Балабекованың арасында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.
Кездесу соңы мекеме қызметкерлерімен «Астана күніне» орай ұйымдастырылған «Шынықсаң, шымыр боласың» атты спартакиадалық спорт жарысына ұласып, жеңімпаз командалардың капитандарына мекеме басшысы З.Әбілдаева грамоталар мен сыйлықтар табыстады.