• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІ(2)

Автор:admin

Дек 8, 2022
Spread the love

Жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;
• Еңбек кітапшасы;
• Мұрағат мекемелерінің анықтамалары не сот шешімі (еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқылулар болған кезде).
Болған жағдайда, сондай-ақ ұсынылады:
• білім туралы құжат;
• әскери билет;
• балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
• «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақтау туралы анықтама»;
• соғыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
• бөгде адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қартқа, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
• Кеңес Одағының, Қазақстан Республикасы мекемелерінің, халықаралық ұйымның аумағында болған мекемелер қызметкерінің жұбайының (зайыбының) шетелде тұратынын растайтын құжат;
• әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
• тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжат.
2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;
2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
Төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы Төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика