«Таза Қазақстан» науқаны аясында бүгін орталық мұсылман мазаратында сенбілік өтті.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы мамандары мен Жасыл ел жасағы жастарыны мазарат ішін қоқыстан тазартты.
Жастар орталығының өкілі Қайыржан Бөгенбайдың айтуынша мазаратта іздеу-сұрары жоқ 10-нан аса ардагер мен мәдениет қайраткерлері жерленген екен. Жастар сол кісілердің жатқан жерлерін қураған шөптерден тазартып, қоршауларын ретке келтірді.
Жалпы тазалық науқан аясында көше тазалау, елді мекендер аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарында жастар белсенділік танытып келеді.