Жастар –болашақтың Мәңгілік қозғаушысы. Жастар- бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Жастар — үлкен күш. Жастар дегеніміз — жалын от. Жас жүрген жер — мереке. Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар са-ясатына берілген анықтама: «Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік — экономикалық, сәяси, ұйымдастырушылық және құқықтық ша-ралар жүйесі қызметінің аясы». Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар. Жастар — кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дәмуының негізі — бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекетгік саясаттың негізгі бағы-тының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.Үлкен мүмкіндіктер, биік армандар. Қазіргі толқынға, жастарға үлкен үміт артады. Елбасының тапасырмасы бойынша өткен жылы республикада жастар саясатының мәселесі бойынша өткен жылы республикада жастар саясатының мәселесі бойынша арнайы уәкілетті орган –КР-інің істері және азааматтық қоғам министрлігі құрылды. Бұл уәкілетті органың қызметтік шеңбері өте кең: біліктілік деңгейде, білім алу жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізуді ұйымдастыру, саламатты өмір салтын ұстану және рухани құндылықтарды қастерлеу, патриотизімді бекіту. Мәселең әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық жағдайын-жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезендік жүйесін енгізу,басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу. жас мамандарды енбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім бапаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің жаңа қазақ мемлекеттігінін, қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін — білім ғана деген байлам жасады. Мықты маман болып, өмірдің сан кетігін бүтіндер ақылды, дарынды, талапты жастарымыз аз емес.Мәселе, солардың алғашқы қадамына қолдау көрсетіп, көмек жасауда. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қыз-мет (бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70 пайыздан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б.атап өтуге болады Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды керсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуы» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми керсеткіштерге сүйенсек, еліміз-дің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Ескере кететін жәйт, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары. Мем-лекеттік бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға, мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандыктарды игеруіне де көп көңіл бөледі. Елбасының тапсырмасы бойынша, осы жылдан бастап, мамандығы бойынша қызмет еткісі келетін адамға мемлекет барлық жағдайды тегін ұсынады. Бірінші кезекте, бұл шара жұмыссыз және өздігінше жұмыспен қамтылған жастарды қолдауға бағытталған. «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылғы мәлімет бойынша, «Жасыл ел» багдарламасымен елді мекендерді жайластыру мен көгалдандыруға 18 мың адам қатысқан. Жастар саясаты қызметінің басты бағыты — мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері жөнін де ұсынымдар дайындау болып табылатын Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бір-қатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы болып табылады. Қазіргі таңда.Елбасымыз мен халқымыздың мына біздерден мол үміт пен жетістіктер күтуде.
R-ақпарат