Жастар арасындағы түрлі қарама-қайшылықтардың болуы тәртіптен, бағалаудан, әрекет бағыттарынан, құндылық бағдарларынан көрінетін трансформациялы үрдістерден екенін дәлелдейді. Жастар жеткілікті дәрежеде ата-анасы алдында жауапты екенін біледі, бұл жастардың рухани-құқықтық саласында айтарлықтай болашағы барлығын керсетеді. Бұл потенциалдың іске асырылу дәрежесін өмір дәлелдеп отырады. Тәрбие жауапкершілігі – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Бұл бөгде біреуден талап етпей тұрып-ақ, алдымен сол адамның өзінде болу қасиет. Бұдан адамның Алла мен халықтан бұрын өз арының алдындағы жауапкершілігі зор екендігі көрінеді. Сондықтан адам өзінің барлық жауапкершілігін жадында ұстауы керек. Ал, барлық жауапкершілікті жадында сақтаған адамның өзі бейқам өмір сүре алмайды. Өйткені ол, сол өмірдің өзін дамытуға, оның алға басуына тікелей жауапты болып табылады. Алайда жауапкершілік бостандық негізіне сүйенеді. Бұл әрбір іс-әрекеттің ешбір негізіне сүйенбей-ақ, адамның өз азаматтық түсінігінен шығатынын көрсетеді. Жауапкершілік өзінің қожайынымен оның іс-әрекетті жасауына дейін де, жасау кезінде де және атқарылғанынан кейін де үнемі бірге болады. Бұл адамның іс-әрекетті жасау немесе жасамау еркі өзінде тәуелсіз тұлға екендігін көрсетеді. Жас ұрпақ өз кезегінде, қоғамның басым бір бөлігі, өзегі, өкілі болғандықтан, біз оны қоғамнан тыс қарастыра алмаймыз. Сонымен қатар қазіргі жастар деп бағалап отырған буын, болашақ қоғамның қайраткерлері және басшылары әрі өкілдері екендігі даусыз. Тарих бойынша қоғамда көпжылдық жоспарды жүзеге асыруға талпынған топтар мен ұйымдар алдымен қоғамдағы жастарды басты назарға алатындығы да осыдан болса керек. Мемлекеттік жастар саясаты елдің әлеуметтік-мәдени дамуының негізі болып табылады. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің басты басымдығы. Сондықтан еліміздің жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке, білімділікке, өркениеттілікке тәрбиелеу біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі болмақ. Барлық елдердің саясатында жастардың қолдауына ие бола білу аскпектісі аса мыңызды болып табылады. Бұл заңдылық әрбір елдің идеологиясына, оның ішінде жаңадан құрылып жатқан елдің де идеологиясына негіз болады. Бұған дәлел ретінде өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та жүргізілген Франклин Рузвельттің жастар бағдарламасын алсақ болады. Жас американдықтардың ұжымдық-патриоттық санасын ту етіп көтеріп, ұтымды жоспарланған қоғамдық жұмыстар жүйесімен елді қысылтаяң шақтан алып шықты. Жапон билеушілері де осы тектес жобаны пайдаланған болатын. Дәстүрлі жапон құндылықтары мен жапон ұлтының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жастар жаңа ақпараттық өркениетті қалыптастыруға жұмылдырылды . Жастар саясатын қалыптастырудың рухани факторлары бос уақытты дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Жастар саясатының негізгі бағыттарының бipi жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарының негізінде жастарға тәрбие беру саласындағы мәселелері шешу болып табылады. Жастар саясатының мақсаты өciп келе жатқан ұрпақтың рухани даму саласындағы жастардың еркін тұлғасын іске асыру болуға тиіс. Жастар философияда, мәдениеттануда, әлеуметтануда, саясаттануда және басқа ғылымдарда жиі қолданатын ұғым. Алайда бұл әлеуметтік категорияның анықталу ауқымы өте күртелі екендігі ғалымдар ортасында мойындалады. Жалпы «жастар» ұғымы ғылыми әдебиеттерде, оның жастық ерекшеліктеріне қарай қарастырылып, жас шекараларын анықтауға тырысқандық байқалады. БҰҰ-ның мәліметтерінде «жастар» термині мағынасы дүниежүзілік елдері арасындағы айырмашылықтарға тәуелдендіре анықталатыны байқалады. Демек бұл ұғымның анықтамасы немесе оның жасының төменгі және жоғарғы шегі өзгеріп отыратын, елдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларының өзгеріп отыруына, этностық ерекшеліктерге, ұлттық дәстүрге байланысты құбылмалы сипат алуы да ықтимал деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан «жастар» ұғымын өзгеріп отыратын категориялар қатарына жатқызуға келеді. Ол – әлеумет тарихының әр кезеңінде өзгеріске ұшырап отыратын, тарихи-әлеуметтік ұғым. БҰҰ-ның мәліметі бойынша «жастар» ұғымының қазіргі заманғы жас шекарасы 13-14 жастан 20-30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Әлемдік зерттеулерге сүйенетін болсақ, жастар жасының төменгі шегін анықтауда жыныстық жетілуге, жалпы білім алуының аяқталуымен, кәсіптік білім алудың басталу мерзімімен байланыстырылса, ал жоғарғы шегі адамдағы экономиклық тәуелсіздік, жеке дербестік, қаржы құралына иелік ету сезімдерімен, өз отбасын құру мүмкіндіктерімен байланыстырады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қорыта айтқанда «жастар» – ол қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы; ол жастыққа тән сипаттамалардың жүйесі. Біз «жастар» терминін қоғам әлеуметінің жастар тобы шоғырын білдіру үшін және ғалым-социолог Г.С. Абдрайымованың сөзімен айтқанда, қазіргі тарихи үдеріс аясында келешек құндылықтарын сомдайтын, жаңа қоғамның пайда болуына негіз қалайтын, ескіргенді жаңартатын, қоғамды алға жетелейтін ұлы күшті сипаттайтын ұғым ретінде қолданамыз.
R-ақпарат