• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАР ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АҚ БАТАСЫН АЛДЫ

Автор:admin

Июл 24, 2023
Spread the love

Рухтастар «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында зейнеткер Зиайда Полатованың үйіне барды. Қарт әжейдің үйіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласын жинаған жастарға зейнеткер ақ батасын берді.
«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының негізгі міндеті – ұрпақтар сабақтастығын нығайту және дамыту, аға буынды құрметтеуді наси­хаттау және баға жетпес өмірлік және кәсіби тә­жіри­бесін, адамгершілік құндылықтарын жастарға сіңіру болып табылады. Жыл көлемінде аталмыш жоба аясында түрлі шаралар ұйымдастырылып, алдағы уақытта да игі шаралар жалғасын табатын болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына орай, әр азаматтың мәселесін тыңдау, шешу – басты міндетіміз. Кент және елді-мекен тұрғындарымен жүйелі түрде кездесіп, ұдайы қоғамдық қабылдау ұйымдастырып отырамыз. Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы. Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесіне жұмсау партияның басты міндеті.
Партия әрқашан халықтың мұңмұқтажын тыңдап келеді. «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясы әркез ұйымдастырылып тұрады. Аталған акция аясында ауданымыздағы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтыған отбасылар қамтылып отырады.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында еліміздегі демократиялық қағидалардың іске асырылуында саяси реформаларға мән берілді. Осы арқылы Жаңа Қазақстанның негізі қалыптасады деп есептеймін. Мемлекет басшысының партия төрағалығын тапсыруының өзі саяси партиялардың дамуында теңдікті қалыптастырады. Ал, партияны жаңғырту үрдісінде сайлау жүйесіндегі ерекшеліктер өзге саяси партиялардың дамуына септігін тигізеді. Сондықтан саяси жүйенің түбегейлі өзгеріске ұшырауы қоғамдағы саяси тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Яғни, референдум маңызды демократиялық институт екені белгілі. Халықтың пікірін назарға ала отырып, бас құжат қайта бекітілді. Бұл тарихымызда ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан үрдіс деп санаймын. Алдағы уақытта аудандағы бас партияның белді өкілі ретінде өз үлесімді қосып, белсене жұмыс жасайтын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика