• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШҚАН ЖОБА

Автор:admin

Дек 7, 2022
Spread the love

Халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту Ұлттық жобасы шеңберінде «Жастар практикасы» бағдарламасы іске асырылып келеді.
Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығының қолдауымен жыл басынан бері 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша “Жастар практикасы” жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген.
Сонымен қатар дипломды қолына алып, бірден жұмысқа тұра алмаған NEET санатындағы 288 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамтылды.
Жалпы “Жастар практикасына” соңғы 3 жылда жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген, бірақ еңбек өтілі жоқ түлектер қатыса алады.
Еңбек нарығында бос жұмыс орындарын іздеген кез-келген азамат «Электронды еңбек биржасына» жүгіне алады. Жұмыс беруші мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстыратын Enbek.kz порталында қазіргі таңда (06.12.22) бойынша 2041 бос жұмыс орны бар.
Айта кетейік, биылғы жылы «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзарып, айлық жалақысы 91 899 теңгеге өскен. Одан басқа Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінетін азаматтарға түрлі салаларда жұмыс қарастырлып жатыр. Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп жұмыс тапқан адамдар бір талай. Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына күнделікті жұмыссыз жастар тіркеліп, оларға мамандығы бойынша лайықты жұмыс орындары табылуда. Егер сіз жас жұмыссыз маман болсаныз Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына келіп тіркелуінізге болады.
Айта кету керек, Шымкент жастарының ұсыныстары мен бастамалары әрдайым әкімдіктен қолдау тауып келеді. Өткен жылы қаланың бір топ белсенді жастары қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесуінде әр ауданнан орталық ашу ұсынысын жеткізген болатын. Көп ұзамай шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы төрт ауданда Жастар ресурстық орталығының филиалдары өз жұмысын бастады. Бүгінде аудандық орталықтарда жастарға мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері түсіндіріліп, бос уақытты тиімді пайдалануға бағыт беріп отыр.
Аталмыш жиында да түрлі бастамалар мен ұсыныстар ортаға салынды. Оның ішінде спорт үйірмелерін көбейтуді, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге арналған спорттық ойындарды ұйымдастыруды қолға алу керектігі айтылды.
Жастардың жарасымды басқосуында әрбірінің айтқан ой-пікірлері зерделеніп, тыңдалды. Осыған орай, жиын соңында орталық басшысы елді дамытуға, қаланы көркейтуге, өз замандастарының патриоттық сезімін нығайтуға бағытталған жобалардың ұсыныстардың әрқашан маңызды екендігін айтты. Сонымен бірге жобалар мен ұсыныстарды алдағы күндері бірлесе пысықтап, жүзеге асыруға бірлесе жұмыс істейтіндігін жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика