• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастарды қоғам өміріне тарту жұмыстары Түркістан облысында қарқынды!

Автор:admin

Июн 3, 2022
Spread the love

Жастарды, әсіресе жұмыссыз, табысы аз, мүгедек, осал топтарға жататын санаттағы жастарды қоғам өміріне тарту мақсатында елімізде бірқатар заңдар қабылданып жатыр. Сондай заңның бірі «Қазақстан Республикасы мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары қабылдады. «Келісімнің бірнеше мақсаттары бар. Біріншіден, жастарды әсіресе, жұмыссыз, табысы аз, мүгедек, осал топтарға жататын санаттағы жастарды қоғам өміріне тарту болып табылады. Екіншіден, қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту көзделеді. Осыған байланысты Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Қазақстанға осы келісімде жазылған немесе айтылған тәртіппен 21,7 млн. доллар мөлшерінде грант бөледі. Грант Траст қорының қаражатынан қаржыландырылады, оны толықтыру үшін Дүниежүзілік Траст қорының донорынан кезеңдер бойынша жарналар алынып отырады», — деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. Оның айтуынша, Жастар корпусын дамыту үш құрамдас бөліктен тұрады. Оның ішінде бірінші кезеңде 18 және 29 жас аралығындағы жастардың қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыруға бағытталған жобалары қаржыландырылады. Әр жобаның ұзақтығы алты айға созылады, қаржыландыру саны бес адамға дейін жетеді. Жобаға қатысушылар ай сайын әлеуметтік стипендия алады, ол қазіргі ақшамен 50-100 мың теңгенің арасында болады. Жастар үшін бір апталық қаржылық сауаттылық және жобаны басқару бойынша оқыту өткізіледі. «Тұтастай алғанда, Жастар корпусын дамыту жобасының бірінші бағытын жүзеге асырудың нәтижесінде республика бойынша 1700 жастар жобаларын жүзеге асыру көзделеді. 8,5 мың жас азаматтар бұған тартылады. Сонымен қатар, 100-ге жуық жастар ұйымы осы жұмысқа қатысады», — деді А. Сәрінжіпов. Ал жобаны жүзеге асыру үшін ілкі өңірге жастар көп шоғырланған Алматы, Түркістан облысы, Шымкент, Қарағанды және Павлодар облыстары таңдап алынған. Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика