• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастардың қоғамдық саяси потенциалының болмысы мен мазмұны!

Автор:admin

Июн 2, 2022
Spread the love

Тарихшылардың айтуы бойынша, жалпы тарихи сана, қоғамдық саналардың бір түрі әрі тарихи процестердің рухани жағы нақты іс-әрекеттерден туындайтын категория болып табылады. Ал қазір, рухани тұрғыдан толыққанды азаматтарды қалыптастырудағы елеулі шаралардың бірі, өткенді жаңғыртатын отандық тарихтың, ұлттық-рұхани құндылықтардың әртүрлі деңгейдегі оқу орындарында оқытыла бастауы болып отыр. Жас кезде қалыптасқан идеялар мен құндылықтар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, дегенмен олар әлеуметтік маңызы бар тұлғаның дүниетанымдық негізін құрайды. Сол себептен де жаңа заңда жастарды әлеуметтік бейімдеу мен рухани және имандылық жағынан дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінген. Адамның адамгершілігінің, этикасының, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуында жауапкершіліктің мәні өте зор. Сонымен қатар, адамның жан дүниесі өзінің мойнындағы жауапкершілікті бағалап, түсіне алатындай дәрежеде кемел болуы да шарт. Бұл ол адамның дүниеге көзқарасымен, діни танымымен және алған тәрбиесімен ұштасып жататын мәселе. Сол себептен жоғарыда аталған қасиеттерді жастардың бойына дарыту, қоғамдағы құндылық түсінігін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады. Бұл жағдайдың  қалыптасуына жоғары білім, ғылым және мәдениет үнемі ықпал етіп отырған. Жастар өзіне тиімді және болашағы бар, игілікті өмір сүруді қамтамасыз ете алатын білім мазмұны мен формалардан, өзіндік қажеттіліктерін қалыптастырады. Ал қоғам өзінің қызмет ету мен өміршеңдігі мәселелерін шешуге арнайы маман кадрларын дайындауды ойластыруға міндетті. Адам не үшін өмір сүреді? Өзін жүзеге асыру үшін. Нәтижесінде пенде – ұрпақ, тұлға, мұра, ұлт-руханият қалдырады. Соңғысынан – бірегей, төлтума мәдениеттер жиынтығынан әлемдік, жалпыадамзаттық рухани қазына құралады. Өз азаматына дұрыс дүниетанымдық бағдар беретін руханият қалыптастыруына сол қоғамның өмірінің ұзақтығы тікелей байланысты. Адамдағы адамилықты сақтап, дамытатын руханият ыдырағанда қоғамнан жұрнақ қалмайды. Азаматтық және патриоттық құндылықтар жүйесін тәрбиелеу процессінде, әрине, тек қазақтың ұлттық саяси мәдениетінен туындайтын тағылымдар жеткіліксіз болып саналатындығы белгілі. Оның негізгі факторлары отбасы мәдениеті, тіл мәдениеті, ұрпақ тәрбиелеу мәдениеті ұлттық мәдениет құндыдылықтарында ерекше орын алады. Белгілі бір ұлттың мәдениеті – ұлттық ерекшеліктерімен, менталитетімен дараланады. Егерде мәдениеті пен менталитетті өзгелердікімен араластырған жағдайда ұлттық ерекшеліктерімізге нұқсан келеді деуге болады. Бұл қазіргі кездегі жастардың әртүрлі мәдениеттер мен наным-сенімдерге еліктеушілігінің артып отырғандығынан. Жастардың санасында ұлтжандылық түсінікті арттыру, ұлттық мәдениет пен құндылықтарымызды ең жоғарғы деңгейде дәріптеу арқылы жүзеге асады. Жастардың қоғамдық саяси потенциалының болмысы мен мазмұнын қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі «өз қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес саяси өмірге араласу» қабілеттіліктерінің жиынтығы деп қарастырады. Қызығушылық әдетте қоғамның қажеттіліктерімен сәйкес болады. Бұл кездегі потенциал құрылымын құндылықтық бағдар, бейімділік, мақсатын таңдау мен оған жету құралдарын бағалау, мотивациялық бағдар жиынтығы деп қарайды. Әрбір жаңа буынның потенциалын көрсету кезінде сол кездегі нақты тарихи жағдайларда нақты қоғамның әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерімен байланыстырып қарау қажет.

Біз қарастырып отырған кезең әлеуметтік-мәдени үрдістердің жылдам өтуімен сипатталады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика