Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Арбат демалыс орнында «Жарқын болашаққа қадам бас» атты концерттік бағдарлама өтті.
Шараның басты мақсаты – жастарды жігерлендіріп, Қазақстан Республикасының болашағына деген сенімді арттыру, сондай-ақ мемлекет басшысының халыққа жолдауын түсіндіру.
Кеш барысында арнайы шақырылған қонақтар, PhD докторы Нұрсұлтан Файз ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа жолдауын түсіндіріп, ондағы басты бағыттар мен мақсаттарды талқылап өтті.
Спикер жолдаудағы маңызды экономикалық және әлеуметтік реформаларды талдап және 6 қазан күні өтетін Референдумдағы жастардың рөліне ерекше тоқталды.
Концерттік бағдарлама барысында дарынды орындаушы Кәусар Бекбосын өз өнерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Шараға қатысқан жастар ел болашағы туралы өз ойларымен бөлісіп, белсенді түрде талқылауға қатысты. Кештің соңында қатысушылар мен қонақтар өзара пікір алмасып, караоке форматында ән шырқады.