Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Түркістан қалалық соты қалалық пробация есебінде тұрған 8 сотталған тұлғаның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін, бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру туралы қаулы қабылдады.
Мысалы: сотталған Н. жаза өтеу барысында 2 рет ӘҚБтК 440-бабымен және 434-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін пробация қызметіне тіркелуге келмеген.
Нәтижесінде сотталған Н. жаза өтеу тәртібі қаскөйлікпен орындамағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Қала прокуратурасы қалалық пробация есебінде тұратын сотталғандармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда.