Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі — Еңбек күніне орай, ҚХА мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қалалық мәслихат депуттары «Бал Текстиль» ЖШС-не барып, серіктестіктің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Жиын барысында, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы А.Әмзеева, Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Т.Нишанбаев, маслихат депутаттары А.Нұрлыбай, А.Дубинина, татар-башқұрт ЭМБ төрағасы Ш.Бурнашев, кәріс ЭМБ төрағасының орынбасары А.Югай, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы міндетін атқарушы Т.Әмірқұлов кәсіпорынның еңбек ұжымына Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жолдауы жан жақты түсіндіріліп, саяси науқанға бір кісідей қатысуға шақырды.
Кездесудің соңында «Бал Текстиль» ЖШС-нің өндіріс озаттары Ғ.Қобланов, Н.Советова және И.Мадазовтар қала әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталып, оларға Шымкент қалалық ҚХА этномәдени бірлестіктері атынан сыйлықтар тапсырылды.