• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЕҢБЕК АДАМЫ БЕЙНЕСІНДЕ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДИЗАЙНЕР

Автор:admin

Июн 2, 2023
Spread the love
Бүгінгі айдарымызда Даулеталиева Сабира Оразбекқызы жайында әңгімелеп беруді жөн көрдік. Ол Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының құрамындағы қалалық опера және балет театрында жұмыс жасап келген нағыз өз ісінің маманы. Сахналық костюмдерді жоғары деңгейде әзірлеп, қойылымның шырайын келтіріп жүрген жоғары дәрежелі дизайнер Сабира Оразбекқызы 1979 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген. Шымкент қаласында Қ.А.Яассауи атындағы ХҚТУ-да «Өнер» факультетінде «Дизайнер» мамандығы бойынша білім алып, көп ұзамай өзі білім алған оқу орында «Киім дизайны» кафедрасының оқытушы қызметінен бастайды.
Үздіксіз ізденістің арқасында 2002 жылы Белорусия, Минск қаласында Этно-Эрато Халықаралық жоғары ұлттық сән шеберлер байқауына өз жұмыстарымен қатасып, 1 орынға ие болды. 2002 жылы «Жыл дизайнері» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің стипендиясымен марапатталды.
Үздік сән шебері 2010 жылдан бастап Шымкент қалалық опера және балет теарының тігін цехының меңгерушісі, костюм-дизайнері, суретші-модельері қызметін атқарып келеді. Қызметке келген күннен бастап шеберлігінің арқасында аса ауқымды қойылымдар кейіпкерлерінің костюмдерін жоғары талғамда тігіп, ерекше стильмен әзірлеумен танымал болды.
Осы уақыт аралығында театрда Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», У.Гаджибековтың «Аршын мал алан», Р.Леонковаллоның «Паяцы», Дж.вердидің «Риголетто», А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай», Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны», П.Масканьидің «Селская честь», М.Төлебаев «Біржан-Сара», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз», Ж.Бизенің «Кармен» опералары, С.Ахметова, Р.Шыныкуловтың «Махаббат мұнарасы» мюзиклі және Р.Салаватовтың «Қарлы ханым», П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балалар балеті, Ф.Легар «Көңілді жесір» оппереттасы, Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы костюмдерінің эскизін жасап, сахнаға лайықтап шығарды.
Аталмыш қойылымдардағы өзінің тарихи уақытына сай және өте көркем етіп жасалған костюмдер көрермендер көңілінен шығып, жоғары бағасын алды.
Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Сабира Даулеталиева бүгінде абыроймен, зор мақтанышпен театрда қызмет атқаруда. Еңбегіңіз жана берсін!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика