• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ЕСЕПТЕГІ ЭЛЕМЕНТ» ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Авг 5, 2023
Spread the love

Аудан көлемінде ішкі істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында учаскелік полиция қызметукерлері бекітілген кестеге сәйкес «Есептегі элемент» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және сотпен белгіленген міндеттерді орындамаған, шектеулерді бұзу дәйектері орын алған азаматтарды әкімшілік қадағалау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тұлғалардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылау жұмыстарын қамтамасыз етуді көздейтін шарада пробациялық есептегі азаматтардың үй-жайлары, отбасылық қарым-қатынастары бақылауға алынған.
Іс-шараның негізгі мақсаты — Ішкі істер органдарының есептерінде тұратын адамдарды, яғни бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психикалық науқастарды, әкімшілік қадағалау белгіленген, «педофил» және «психикалық мекемелерде есепте тұратындарды өз мекен жайлары бойынша тексерумен қамту.
Есірткі құралдарын, атыс қаруын, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізу, қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау, жол жүрісіне, әсіресе қала сыртындағы автомобильдік жолдарға бақылау жүргізу, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асыру болып келеді. Сонымен қатар автокөлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтап, жолда абай болуларын ескертеміз.
Атқарылған бұл жұмыстар сотты болған азаматтардың құқық бұзушылық әрекеттер жасамауға, қылмыстық жазаны өтеп жатқандығын сезіндіріп, заңға бағынушылық мінез құлыұты қалыптастыруға тәрбиелейді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық шара әрі қарай тамыз айының соңына дейін өзге ауыл округтерде жалғасады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика