• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Ел болашағы жалынды жастар

Автор:admin

Авг 12, 2022
Spread the love

Осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіреді, қазіргі уақытта өмір сүргенімді мақтан етемін. Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғынымын, ұлтым башқұрт болғанымен қазақ тілін меңгеруге жетік, білуге бар ынтамды қосып жүрмін. Мектепте озат оқушылардың бірімін. Жан — жақты болуыма менің әжем де барын салып жүр, қазақ тілі үйірмесіндегі білгенімді жеке өмірімде де пайдаланып жүрмін, би үйірмесіне қатысып, енді ағылшын тілін де білуге үміттенемін. Өйткені, біздер үшін, біздің болашағымыз үшін мемлекетіміздің Елбасшысы үлкен еңбек етуде.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», — деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез — келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегіадам санының 4, 5 миллтоннан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Тарихы терең қазақ халқында «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»

деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні

айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман.

Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын

уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен

ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр

қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл»,-деп атап өтті  Халқымыз білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару

екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш

күш екенін кейінгі ұрпағына үнемі айтып отырған. Білімнің қуатына тең

келетін басқа идеялық — рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені,

білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге

домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры,

ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі

бір сәтке толастамайды. ең алдымен елге терең білім керек

екенін елден бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлға болды. Қай жердеде, қашан да тұңғыш болудың жүгі мен жауапкершілігі ауыр екенін білеміз,

сол себепті бірінші болып жол салу, бірінші болып жеңіске жету, бірінші

болып бәйгеден келу, бірінші болып биікке көтерілу т.т. секілді үлкен

тәуекелге бел буды. Сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен

емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп,

білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күшжігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің

негізгі мақсаты-жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық

патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық

дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін

оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін

әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы,

көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның

дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде құрылады.

Тәрбие жұмысы —ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы

үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен

азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген

тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі

қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды.

Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен

ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болып табылады.

Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес

қосуы — бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие

берудің бағдарлы идеяларын  «Қазақстан — 2030 »

атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің

5

балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып

қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр

болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі

сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп, үлкен үміт артты. Болашақ

жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып, елімізде осы мақсаттарда

қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Тек оны өз керегіне қарай пайдалану

әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасылынып

жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы

болуы тиіс. Өйткені, өмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп

өте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын

қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның

жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екендеріңізді

естен шығармаңыздар! Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш»

дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық.

«Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм

берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң

болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына

байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе

жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны

алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене

ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана

қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң

болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты-жастардың бiлiмi мен

бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн,еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,

қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет.

Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа»,-дейдi  бiр сөзiнде.

Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды

еңбек ете білуі тиіс. Жастар – ел болашағы, ата-ана, Отанының үміті. Сенімнің үдесінен шығу үшін жастар тәрбиелі әрі білімді болуы қажет. Кез келген ортада бәсекелестік болатыны рас, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қашанда халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана.  

«Адам өмір сабақтарын өзіне тәжірибе ретінде сіңіріп, сосын жастарға кеңес береді. Қазір біздің жастар бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасап отыр. Жол да, шекара да ашық. Қалаған жерде білім алып, қалаған жерде тұрып жатыр. Көріп отыр. Сондықтан жастар ең алдымен нық білім негізін қалап алуға ұмтылулары қажет. Жастық шақ пен мүмкіндікті керексіз ойын-сауыққа жұмсамағандары жөн, олардың барлығы кейін келеді» деген болатын. Бүгінгі буын білім алуға көп мән беріп, оқуға басты назар аударуы тиіс. Қоғамда көп таралған «Киіміңе қарап, қарсы алады, ақылыңа қарап шығарып салады» деген сөз шын мәнінде  білімді адамның мәртебесі жоғары болатынын айғақтап тұрғандай.

Бірнеше тіл білудің өзі – жастар үшін үлкен жетістік. Егер жаңа ортаға тап болсақ, сол ортаның тіліне, қағидаларына үйренуге тура келеді. Міне осындай сәттерде зерек әрі тіл білімі жоғары адам қиындыққа тап болмайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» қағидасымен өмір сүру жарқын болашаққа бастайды.

Жастар кез келген жұмыста өзін жақсы қырынан көрсетуі керек. Өзіне берілген жұмысты жауапкершілікпен орындап, жетістікке жетуі тиіс. «Қолымнан келмейді» деген сөзді айту – әлсіздердің ісі. Сондықтан қалауын тапсаң, қар да жанады. Тек сол жұмыс үшін тиісінше ерінбей еңбек етуі тиіс.

Ең басты байлық – денсаулық демекші, кез келген жұмысты абыроймен атқару үшін денсаулық мықты болуы керек. Дені сау адам ғана бұйырса арманын іске асыра алады. Сондай-ақ, жастардың өз ұлтын сүйіп, отансүйгіш болғаны маңызды.Сонда ғана мемлекетке зор әсерін тигізетін тұлға тәрбиеленеді. Жемқорлыққа да, әділетсіздікке де жол бермес еді.

Егер осындай жастар қауымы тәрбиеленсе, мемлекет пен жастардың болашағы жарқын болады. Ата-бабадан мұра болып қалған, ұлан-ғайыр жерімізді, ана тілімізді, дінімізді, халқымызды , тарихымызды мәңгіге сақтап қала аламыз. Сол үшін болашаққа қарай нық сенімен қадам басуымыз керек! Мемлекеттің болашақта әрі қарай дамуы мен гүлденуі тікелей жастарға байланысты болатындықтан, қоғамның белсенді буыны, елдің ертеңі жастардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде.

Республикамызда әрбір екінші адам – 30 жасқа толмаған жастар, сондықтан 1999 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасының  өкімімен мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының бекітілуі, 2004 жылы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның қабылдануы жастардың өміріне ерекше мән берілетініне мысал болады. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Жастардың білім алу, мамандық таңдау, рухани ұстанымдарын қалыптастыру, қоғамдағы өз орнын табу секілді әлеуметтік кезеңдерден өтуі – өмір заңдылығы. Осы әлеуметтік кезеңдерде жеке адамның тұлға болып қалыптасуына көптеген жағдайлар әсер етеді.

«Отан отбасынан басталатындықтан» ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында рухани және дәстүрлі құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды іс.

Қазіргі қоғамда жастарға байланысты көп айтылатын келеңсіздіктің бірі – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеу. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда үлкендерді сыйламау, ата-анасын тыңдамау секілді құбылыстар байқалады. Соның бір мысалы – қоғамдық көліктің ішіне үлкен кісі кіргенде жастардың көрмегендей сыңай танытып, орын бермеуі.

«Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ, сондықтан қай уақытта болмасын ересектерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету – дәстүрлі үрдіс. Үрдісті үзбей, дәстүрді бұзбай кейінгілерге жеткізу – жастарға аманат, жастар – рухани құндылықтарды жалғастырушы алтын көпір.

«Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында жастарға дәстүрді ардақтап, дәстүрге сай діни сана қалыптастыру қажеттігін айта келіп, қаракөз қазақ қыздарын өзге елдің киімін үлгі тұтпай, ұлттық болмысқа сай киінуге мен қазіргі заман ағымына сәйкес өмір салтын ұстануға шақырды.

Қазақстанның зайырлылық қағидасына сай дін таңдау – әр адамның өз еркінде. Осы еркіндікті дұрыс түсінбейтін жастардың теріс ағымдардың ықпалына түсіп жатқанын айтпай кетуге болмайды. Діни білімі таяз жастар діннің не екенін, оның мақсатының қандай екенін жете түсінбегендіктен де осындай қателіктерге ұрынуда. Әлі оң мен солын танымаған, жақсылық мен жамандықты ажырата алмайтын жастарды теріс ағым өкілдері арам пиғылдарына пайдалануда. Мемлекеттің келешегі жастарға байланысты, сондықтан бұл құбылыс мемлекетке қауіп төндіреді.

Жастардың эстетикалық, діни көзқарастарын қалыптастыруда бүгінгі ғаламтор мен бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы өлшеусіз. Мобильді әлемде өмір сүру, ғаламтор желісіндегі сансыз ақпараттар жастардың діни немесе өзге де мәліметтерді таңдауына дес бермейді. Сондықтан, ең басты бағдаршам – ұлттық құндылық, ең негізгі ұстаным рухани ізгілік болса ғана ұтылмаймыз.

«Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі осы өмірге жат, жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз», – деп атап көрсеткен болатын.

Жастардың теріс ағымдардың шырмауына түсуінің басты себебі – жұмыссыздық пен діни сауатсыздық. Бұл қатардан жас буын өкілдерді ғана емес, ересек адамдарды да көруге болады. Теріс ағымдардың арбауына түсіп, діни көзқарасын өзгертіп жатқандар ертеден келе жатқан салт-дәстүрді теріске шығарып, ата-анасының берген тәрбиесін мойындамай, дәстүрлі болмысқа сай киінбей, қоғам ішінде іріткі тудырып жүр. Жастардың теріс ағымдар қатарына кіріп кетпеуі үшін ғаламтор желілерінде таралатын мәліметтерді бақылап отыру, жастардың қызығушылығын арттыратын сайттарды көбірек ашу, жастарды қоғамдық іс-шараларға белсенді араластыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рухани құндылықтарды бойына сіңіру, діни білім беру сапасын арттыру жұмыстарын қарқынды жүргізуді уақыт талап етуде.

Қазақстанда мемлекеттік білім беру жүйесі қатаң зайырлы сипатқа ие және ол діни білім беру жүйесінен бөлек. Сондықтан, зайырлы мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастардың санасында белгілі бір дінге деген көзқарас қалыптастыруға жол берілмейді әрі оқу орындарында діни атрибутикасы бар заттарды қолдану немесе киімдерді киюге тыйым салынады. Әрбір мекеменің ішкі тәртібі бар, білім алушы сол тәртіпке бағынуы керек.

Әлемдік діндерді оқыту арқылы жас буын өкілдерінің діни көзқарасын қалыптастыруға, заман ағымына сай өзінің және өзгелердің құндылықтарын сыйлауға және рухани құндылықтарымызды теріс ағымдардан ажыратуға үйрететін «Дінтану» пәні білім берудің зайырлы жүйесі арқылы қоғамдағы құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық шараларға белсенді қатысуы көңілге қуаныш ұялатады. Оған дәләл түрлі халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда жастардың топ жарып, жүлделі орындарға ие болуы. Сонымен қатар, күнделікті өмірде де спортпен айналысып жүрген жастар қатары көбеюде. Бұл – болашақта ұрпақтың сау әрі белсенді болатының айғағы.

Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резервi», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Қолжетімді баспана – 2020» және тағы да басқа бағдарламалар бар. Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізіп, биіктерге көтерілуге болатынын түсінуі маңызды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, қазіргі заманғы жастар қай қоғамда да құны кемімейтін мейірімділік, әділдік, шыдамдылық секілді адами құндылықтарды басты орынға қойса, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастардың қолында дейтін болсақ, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ел болашағын қалыптастыра алады. Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосса, қоғамға пайдасын тигізіп, сапалы, терең білім алуды басты міндетіне айналдырса, онда келешегіміз кемел болары сөзсіз. Өз күш-жігерлері мен алған білімдерін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын жастары бар зайырлы қоғам мақсатты межеге жетері анық.

Жастық –адам баласына екінші рет берілмейтін кезең деп түсінемін.Себебі сен сол кезеңнен өткеннен кейін ол шаққа қайтып бара алмайсың. Өмірде «жастық шақ», «жастық кездер-ай» деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Шыны керек ол шақ –қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ, аспанға тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз. Бұл шақта адамның үлкен мақсаттары анықталып, биік армандарға ие болады. Ал сол жастық кезең болашақтың бастауы деп неге айтылған?

XХІ ғасыр жастардың күштілігі білекпен емес, біліммен таразыланады. Өркениетке көш түзеген еліміздің болашағы бүгінгі білімді жастардың қолында. Елбасымыздың өзі «Болашақ – жастардың қолында» деп бекер айтпаған. Осы сөзден-ақ ел үмітін жастардың өзі ақтайтынына үлкен сеніммен қарағаны деп білемін. Қазір жастардың өзін-өзі дамытуына небір жағдайлар жасалынған. Себебі қазір арнайы курстар,дайындық мектептері сияқты көптеген таңдаулы орындары жетерлік. Ал бұрынғы заманда осындай дүниелер болды ма? Жоқ, болмады. Ол кезде мүмкіндіктер шектеулі еді. Бірақ сол заманның ағымына қарамастан небір дана тұлғаларымыз, ақын-жазушыларымыз шықты емес пе?! Олар қазіргі заманның жастары секілді ана жерден мына жерге бармады. Олай айтуымның себебі, біріншіден, ол кісілер білім алып, оқу үшін қайда бару керек болса да барды. Екіншіден, қазір әр бала білім алып жатыр, ал ол кезде екінің бірі жазу жазып, оқу оқымаған. Кейбір тұлғалар болған өз бетінше оқулықтар оқып, білім жолын қуған және өзін дамытуына көп күш жұмсаған.

Мемлекеттік жастар саясаты жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаумен ғана шектелмей, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар мәдени, имандылық және рухани құндылықтар, сондай-ақ ұрпақ сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы қағидаттарына негізделген.

Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жастарды тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, олардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту үлкен еңбекті қажет етеді.

Осыған сәйкес, жастар тәрбиесіндегі басым бағыттардың бірі тарихымыздың тереңінен бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың рухани құндылықтарын негізге алу болып табылады. Отанын сүйетін, тарихымен мақтана алатын, тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын, дәстүрін сыйлайтын жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Тек сонда ғана ертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының шырағын сөндірмейтін, тілінің құрып кетуіне жол бермейтін, жасампаз елінің жаңа тарихын жасайтын ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз.

Әрбір ата-ана, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам мүшелері бүгінгі балалар және жастар тәрбиесінің жауапкершілігін түсініп, оған ертеңгі мемлекеттілігіміздің берік іргетасы ретінде қарауы керек.

Егер біз тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын десек, «өркениеттер қақтығысында» жұтылып кетпей, өзіндік бірегейлігімізді сақтап қаламыз десек, балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.

Осы мақсатта баланы жас кезінен ұлттық құндылықтарға сәйкес, болашақ тұлға ретінде тәрбиелеу үшін қолда бар құралдар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған дұрыс.

Атап айтқанда, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ғаламтор желісіндегі өзге зиянды ақпараттардан назарын бұру мақсатында олардың қызығушылығын туғызатын пайдалы бейнероликтер, танымдық ойындар мен бағдарламаларды ұсынатын интернет-ресурстарын жасақтау қажет.

Себебі бүгінде ғаламтор желісіндегі күмәнді ресурстар балалар мен жасөспірімдердің санасына кері әсерін тигізуде. Алдына қойған айқын мақсаты жоқ, өмір сүруге құлықсыз, ештеңеге қызықпайтын кейбір жастар өкілдерінің арасында түрлі қылмыс жасау мен өз-өзіне қол салу фактілерінің жиі кездесетіні рас.

ҚР ІІМ мәліметіне сәйкес соңғы кездері әлеуметтік желілерде суицид идеяларын насихаттайтын және оны жасаудың жолдарын көрсететін топтар көбеюде. Ал жастардың еліктегіш келетінін ескерсек, олардың назарының ауып, аталған топтардың тұзағына ілініп қалу қаупі алаңдатады.

Аталған мәселелер жастар тәрбиесіндегі дәстүрлі рухани құндылықтардың жетіспейтіндігін көрсетеді. Ата-ана мен қоғам тарапынан жастар тәрбиесіне жете көңіл бөлінбеуде және тәрбие жұмысында дәстүрлі ұлттық құндылықтар тиісті деңгейде қолданылмайды.

Қорыта айтқанда, еліміздің болашағы үшін тек білімді жастарды өсіру аздық етеді, бойына рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін тәрбиелеп шығарғанда ғана Қазақ елі ғасырлар белесінен сүрінбей өтетіні хақ. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ұмытпайық. Тарихта әр кезеңнің ұрпақтарына әрқилы, уақытына сай жағдаяттар мен себептерге байланысты әртүрлі атаулар беріп отырған. Мысалы, сексенінші жылдардың ұрпақтарын «қайта құру» балалары деп жатса, тоқсаныншы жылдары дүниеге келген азаматтарды «тәуелсіздік құрдастары» немесе «Х буыны» дейді, ал екі мыңыншыларды жаңа заман буыны «нөлдік кезең балалары» немесе «миллениум ұрпағы» деп атап жатады, яғни жаңа техника мен ақпараттың дамыған дәуірінің құрдастары. Бұлай дегені, қағаздан гөрі компьютерге жақын ұрпақ дегені болар бәлкім.

Мен 1986 «Қайта құру» жылы дүниеге келдім, бұл жылы КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға «Желтоқсан көтерілісі» болды. Көтеріліске қатысқан жастардың бойындағы батырлық, қайсарлық, өжеттілік қасиеттері қазіргі әрбір жастың бойында болу керек. Осындай тарихы терең, көркем елдің азаматы болғаныма, «Қазақ» деген батыр халықтың ұрпағы болғаныма мақтанамын. Көк туымыз көкте желбіреп, қыран құсымыз қалықтап ұшқанда, қазақ елінің беделі асқақтап, ынтымағы мен берекесі арта бермек.

Жастар деген кім? Әрине, ол мен, сіз, біздер. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Барлық уақытта жастар халық арасындағы ең озық бөлігі болып есептелінген. Олар әрқашан қоғамдағы оң өзгерістердің алдыңғы қатарында болды. Негізінен, жастар – мемлекеттің стратегиялық қоры. Олар дамудың жасампаздық қуаты мен ұлттық күшін жинақтап, дамыта алады. Ол үшін

Жастар қандай болу керек?

  • Менеджер
  • Білімді, білікті маман
  • Жаңашыл
  • ІТ маман
  • Кәсіби шебер
  • Ұйымдастырушы
  • Коммуникативті.

Бір сөзбен айтқанда, «Өз ісінің мән – жайын жетік білетін маман» болу керек. Осындай маман болу үшін алдымен педагогикалық менеджментті меңгеру керек деп айтамын.

Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани – адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам қажет. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған модел, ол — педагогикалық менеджмент.

Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін – өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту. Жаңашылдық ықпал үздіксіз интеллектуалды, рухани білім алу, өзімізді дамыту, жетілдіру.

П.ғ.к., доцент Ш. Майғаранованың «Рухани дамыту мәселелері» атты мақаласында:

«Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелеп, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін, сана-сезімін, дүниеге көзқарасын кеңейтеді», — деп айтқан.

Мен өз білімімді жетілдіріп отыру үшін, жұмыс жасап отырған мекемем педагогтердің біліктілігін көтеретін арнайы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына жіберді. Онда өз мамандығым бойынша курстық оқуды оқып, сертификат алдым. Біліктілікті көтерудегі негізгі міндет – әдістемелік сауаттылық. Яғни әр жас маманның ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеттерін ашу, қалыптастыру, дамыту.

Қазіргі жастар яғни біз өзіміздің алған рухани білімімізді жетілдіру мақсатында түрлі ақпарат көздерінен алған деректерді қорытып, тәндік жаратылыс пен жандық жаратылысын түсіне білуіміз керек. Ол үшін тән тазалығы мен салауатты өмір салтын ұстану, денесін шынықтырумен бірге ізгілік қағидалармен үйлесімді өмір сүру, өз ақыл-ойын үнемі жағымды, сабырлы қалыпта ұстай білуі тиіс. Адамның бойындағы Жаратушыдан дарыған құдыретті күш – Рухты өз денсаулығын сақтауға, шығармашылық істерге пайдалануға, өзін-өзі жетілдіру жолдарын меңгеруге қолдануы қажет.

Қорытындылай келе, міне, бүгінде күллі әлемді мойындатқан қасиетті Тәуелсіздігіміздің мерекесін жыл сайын тойлап отырған Отан – Ананың сенім үдесінен шығу мақсатында білімді жастар болып ғылым мен техниканың биік деңгейін бағындырып, жігерлі ұл – қыздар спорт саласында ерен ерліктің үлгісін көрсетуде. Еліміздің сұлу табиғатынан, әсем әнінен, шалқар күйінен, дана ойынан, көркем сөзінен ләззәт алып, жанына өнерді серік еткен жастары рухани байлығымызды, өнерімізді тәнті етуде.

Әрқайсысымыздың бойымызға ананың ақ сүтімен тарап, ана тіліміздің нәрімен дарып, ақ батасымен бекіген қасиеттер: еңбекқорлық, білім мен өнерге деген құштарлық барда «Мәңгілік елдің» ертеңі жарқын болатынына сенгім келеді. Ол үшін бойымызда «Күйзелісті қалыпты қабылдау» қасиетін дамыту. Жұрттың пікірінен қорықпауға үйрену.

Байқайсыз ба, өмірде қандай да бір жетістікке, табысқа жеткен адамдар жұрттың айтқанын елемейді де. Өйткені, олардың алға қойған мақсаты айқын. Сол мақсатқа жету үшін ол елдің сөзін емес, өзінің жүрегін ғана тыңдайды.

«Болашақ – жастардың қолында», — деп осы сөзді ұран етіп, болашаққа нық қадам басу, көк туды көкте желбірету біздің айқын мақсатымыз болуы тиіс. Келешектің тізгінін берік ұстап, болашақтың көшбасшысы болумен қатар, еліміздің еңсесін көтерер азамат болуымыз керек. Айқын мақсатқа жете отырып, жетістікке жетеміз. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш екенін ұмытпайық.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика