• Чт. Ноя 28th, 2024
Популярные метки

ЕЛІМІЗДІҢ ОНКОЛОГТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Автор:admin

Ноя 4, 2022
Spread the love

Шымкенттегі онкологиялық орталықта Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының онколог-дәрігерлерінің қатысуымен «Онкологиялық тәжірибедегі интервенциялық хирургияның өзекті мәселелері» тақырыбында екі күндік шеберлік сабағы басталды.
Шараны ұйымдастыру үшін орталық базасы арнайы таңдалған. Өйткені Шымкент қаласы онкологиялық орталығы дәрігерлерінің онкологиялық науқастарды емдеуде интервенциялық рентгенологиялық араласуларды орындауда өте тәжірибелі.
Шеберлік сағатында мамандар өзара тәжірибелерімен алмасады. Рентгенхирургияның заманауи әдістерін қолдана отырып, пациенттерге онкологиялық көмек көрсетудің замануи әдістерін, пациенттерді қатерлі ісік және бауыр ісігі аурулары кезінде химиоэмболизациялауға іріктеу, бас және мойын ісіктері кезінде өңірлік химиоинфузия, өкпе және жатыр мойны обыры, сондай-ақ бүйрек обыры мен жамбас ісігі ауруларында ісіктерді эмболизациялау мүмкіндіктерін талқыламақ.
Былтыр Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің, денсаулық сақтау басқармасы басшысының қолдауымен және орталық басшылығының белсенді жұмысының нәтижесінде “Phillips azurion-7” заманауи ангиографы орнатылған. Бұл онкологтар үшін де, рентгенхирургиялық ем алатын науқастар үшін де соңғы үлгідегі таптырмас құрал.
Жыл басынан бері бұл ангиографта жоғары технологиялық емдеу санатына жататын бауыр, өкпе, бүйрек және жамбас қатерлі ісігінің химиоэмболизациясы бойынша 150-ден астам ота жасалды.
Орталықтың еліміздің түкпір-түкпірінен келетін пациенттерді де қабылдауға мүмкіндігі мол.
Еске салар болсақ Астанада «Онкологияға инновациялық технологияларды енгізудің тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция өтуде. Оған Шымкент қалалық онкологиялық орталығының дәрігерлері де қатысуда.
Мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасап, өздерінің озық тәжірибелерін ортаға салып отыр. Мұндай іс шаралардың дәрігерлер біліктігін арттыруда, сондай-ақ қатерлі ісікпен күресті нығайтуда маңызы зор.
Конференцияда отандық дәрігерлермен қатар Ресей, Ундістан, Грузия ТМД елдерінің жетекші онкологтары да төбе көрсетті.
Айтып өтейік, Шымкент қалалық онкологиялық орталығының мамандары біліктіліктерін арттыруда шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатқан. Мұндай тәжірибе алмасу шаралары қалада қатерлі ісік ауруларын алдын алуда және емдеуде оң нәтиже көрсетуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика