Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын. Ақылды да тапқыр, жас та жігерлі казақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мумкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр. Бұдан бұрын өзімізге қойған сауалға келер болсақ, қазіргі жастардың келбеті қандай дегенде бір ғана тұжырым жасауға болмайды. Біз барлығымыз да қайталанбас бірегей түлғалармыз. Біздің жастар даңқы әлемге танылатын дизайнер, режиссер, ғалым, сәнгер болуда. Олар бионика-лық протез ойлап тауып.робот техникасын зерттеуде, керемет фильмдер түсіруде, өнер туындыларын жасап, теңдесіз идеяларды тудыруда. Дамыту мен құлшыныс туғызу үшін барлық жағдайды жасап, бұл бастамаларды жан-жақты қолдау аса маңызды. Біздің алдымызда осының барлығын игеріп, өз әлеуетімізді тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал бұп жолда біз анықтап алуға тиістінің ең басты талабы мынандай болмақ: «Біздің ең маңызды әрі бағалы қүндылығымыз — осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар» Ендеше талабымыз да, бағдарымыз да айқын: «Біздің ең басты құндылығымыз -осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар, басты мақсатымыз — қуатты мемлекетті құру. Жастар саясатын жүзеге асырудағы маңызды рөл жастар үйымдарына тиесілі. Соңғы онжылдықта олардың саны елімізде жеті еседен астам өсті. Қазақстан жастарының Конгресі (2002ж.) сияқты бұқаралық ұйым-дарда жастарды шоғырландыру процесі жалғасуда. «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты (2008ж.). Бүгінгі жастар — ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қара-мауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Қазіргі жастар – болашағының жарқын болуы үшін өздерінің ақылдарымен, талмас еңбегімен, сонымен қатар қайсар күш қуатымен өздерінің алдағы жоспарларының мақсаттарын табу керек. Бұл 21 ғасырда жаңа жаңа еліміздің бой көтерген, бәсекеге қабілетті сонымен қатар дүние жүзі бойынша құрмет тұтатын елді толықтыруда көптеген еңбек етіп әрі қарай алып жүру керек. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жете-лейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «кез-келген ел келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады»,-деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.
R-ақпарат