• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Еліміздегі отбасылық жағдайдың ерекшеліктері!

Автор:admin

Сен 25, 2022
Spread the love

Елімізде отбасы жағдайының ерекшелігі отбасында көмек пен қамқорлықтың өзаралығы болып табылады: ата мен әже –зейнеткерлер жұмыс істеп жүрген балаларына қол ұшын беріп, немерелерін тәрбиелеуге, шаруашылыққа т.б. көмектеседі;

— ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының диспропорциясы. Қарттық жаста және кәрілік кезеңде әйел қауымының басымдығы байқалады, отбасының тауқыметін тартқан жесір әйелдер саны артуда, жұбайынан айрылған әйелдер психологиялық мәселеге ұшырап, жаңа жағдайда өзін-өзі анықтауда қиналады. Қоғамымызда әжелер – өз балаларының «отбасындағы баға жетпес мүшесі», отбасының формалды емес басшысы, немерелерінің тәрбиешісі,«үй басқармасының бастығы», үй иесі т.б. сияқты жаңа рөл алады.

— ажырасу санының артуы. Тұлғаның толық психологиялық реабилитациясы және ажырасудың жағымсыз эмоциялық салдарын жеңуі тек 1-3 жыл өткен соң белгілі болады;

— отбасынсыз және ата-аналармен және жақындарымен қарым-қатынас депривациясы жағдайында тәрбиеленіп жатқан балалар (жетімдер, интернатта тәрбиеленушілер, тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар, панасыз балалар) санының көбеюі. Мұндай бетбұрыс әлеуметтік күйзеліске, соғысқа, төңкеріске ұшыраған өмір сүру деңгейі төменелдерге тән;

— отбасындағы қатынастардың, ең алдымен ерлі-зайыптылық қатынастардыңдемократизациясы мен эгалитаризациясы, рөлдерді қатаң бекітуден ерлі-зайыптылардың серіктестікке, көмекке және өзара қолдауға ауысуы;

— кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналар – жасөспірім ата-аналар санының артуы. Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналарға әлеуметтік және психологиялық қызмет көрсетуге енді ғана қадам жасалу үстінде. Осыған байланысты, елімізде «балалардан бас тарту», аналардың перзентханадан-ақ баласын тәрбиелеуге жауапкершілік алудан қашуыкөбейіп келеді;

— отбасылық-тұрмыстық жағдайда қылмыстар аны артуда. Отбасында зорлық көрсету және агрессия экстраординарлы құбылыс болудан қалып барады, жан түршігерлік қылмыс отбасында әдеттегі үйреншікті құбылысқа айналып келеді. Отбасындағы зорлық, әсіресе ата-аналардың балаға зорлық көрсетуі ағылшын тіліндегі әдебиетте childabused – «отбасындағы қатыгездік» терминінің пайда болуына әкелді.«Отбасындағы қатыгездік» ұғымы ашық мәселе болып қала бермек. Психологтар отбасылық қатыгездік ұғымына алуан түрлі ата-аналық мінез-құлық көріністерін жатқызады: физикалық агрессия, сексуалды зорлық, баланың негізгі өмірлік (виталды) қажеттіліктерінің қанағаттанбауы, суық қатынастар, эмоциялық жақындықтың кемшілігі;

— баласыз отбасылар санының артуы, ерлі-зайыптылардың «баласыз отбасын» саналы таңдауы. Олардың дүниеге бала әкелуді жиі кейінге қалдыруы – кәсіби білімді тәмамдау, мансапқа жету міндеттерімен, отбасының қиын қаржылық-экономикалық жағдайымен немесе баспана мәселесімен байланысты, балаларсыз «өзі үшін» өмір сүру шешімі артуда, ақырында бұл өзін-өзі жүзеге асырудың жеткіліксіздігін және терең тұлғалық дағдарысты ұғынуға әкеледі. Ерлі-зайыптылар бала туу мүмкіндігі жоқ медициналық себептерге байланысты мынадай мәселелерді шешуге мәжбүрлі –бедеулік, бала асырау, асыранды балаларды тәрбиелеу.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика