• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ДОСТЫҚ» ҮЙІНДЕ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 28, 2023
Spread the love

Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының оқушыларымен ынтымақтастыққа бағытталған жиын өткізілді.
Жиыннан соң қатысушылар ғимараттағы қалалық этномәдени бірлестіктердің мұражайымен танысты. Әрбір этностың тарихи мұраларынан мол мағлұматтар алып, өзара ой бөлісілді.
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатаын мүмкіндіктер, ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі, ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты, Отанын сүйетін, адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу. Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына. Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған. Олай болса, бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет. Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін білмеген, одан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз».
Достық үйінің ғимаратында тұрақты түрде мерекелік қабылдаулар, кездесулер өткізіліп тұрады, ғимарат тарихи, мәдени ескерткіш болып саналады. Сондай-ақ, соңғы екі жылда Қарағанды ​​облысында Достық үйлінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы мақсатқа жету үшін келесі жұмыстарды жүзеге асыруда: өңірдегі Достық үйлеріне әдістемелік көмек көрсету, облыстық этномәдени бірлестіктердің жұмысы үшін жағдай жасау; ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуде қоғамдық азаматтық институтар мен этномәдени бірлестіктерді белсенді тарту; Ассамблеяның міндеттері мен мақсаттарына бағытталған ғылыми, мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; этномәдени бірлестіктердің шығармашылық жұмысы үшін, этносаралық қатынастар аясындағы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да азаматтық қоғамдық институттардың Ассамблеямен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, ғылыми аналитикалық және облыстық ғылыми-сараптық топтың жұмысын қамтамасыз ету және жағдай жасау. Достық үйінің жұмысының тиімділігінің сыры – оның этномәдени бірлестіктермен тікелей байланыста жұмыс жасауы болса керек. Сонымен бірге этномәдени бірлестіктердің мүдделерінің бір жерге тоғысып жатқандығында.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика