• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Демография: табиғи өсімді жоғарлату үшін мемлекет жастарға қолдау танытады!

Автор:admin

Окт 5, 2022
Spread the love

Халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды – табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жас отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына үкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылып келеді. Ал сырттан келетін көші-қонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін де түрлі шаралар іске асырылуда.

Статистикалық деректерге шолу жасағанда халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне тәуелді болып отырғаны аңғарылады. Халық саны көп әрі тығыз орналасқан өңірлер – оңтүстікті туу көрсеткіші жоғары деп қабылдау дағдысы қалыптасқан. Алайда статистикалық дерекке жүгінсек, бүгіндері туу бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысына тиесілі болып отыр. Әрине, Түркістан облысында да туу көрсеткіші жоғары. Еліміздегі әрбір бесінші азамат осы өңірде дүниеге келеді. Қазақстан қалаларындағы 2018 жылдың бірінші жартысында туғандардың санын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, Алматы және Астана қалаларында туу көрсеткіші 4,4 және 4 пайызға өскен. Ақтөбе қаласында 5,3, Атырау 6,8, Орал қаласында 7,5 пайызға артты. Салыстыруға назар аударсақ, Қазақстанның батысындағы үш қала да – туу көрсеткіші бойынша алда тұр.

Жалпы, демографиялық өсімді арттыру үшін ана мен бала денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы тиіс. Мемлекет басшысы осы мәселеге айрықша мән беріп, еліміздегі ана мен бала өлімін төмендету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік ахуалды түзеуді тапсырып отыр. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар да қабылданды. Бұл өз нәтижесін беруде. Мемлекет тарапынан көрсетілер көмек пен қолдаудың арқасында елімізде соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 25 пайызға артқаны байқалды. Күн сайын елімізде 1000-нан астам сәби өмірге келеді. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 400 мыңнан асып жығылады. Ал ана өлімі соңғы ширек ғасыр уақытта 4 есеге азайған. Дәрігерлер қауымы ана өлімін бұдан әрі де төмендету үшін білімі мен біліктілігін, тәжірибесін сарп етуде. Соған қарай Қазақ жерінде жылдан-жылға дәрігерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру қолға алынуда.

Демографиялық өсімді арттыру бойынша жұмыстар осы қарқынмен жалғасатын болса, елімізде 2050 жылға қарай халық саны 24 миллионнан асады. 2050 жылға қарай болжам бойынша Қазақстанда халық саны 24,5 млн адамды құрайды. Бүгінгі демография қарқыны сақталып қалар болса, оңтүстік аймақтардағы тұрғындар саны 5,2 млн адамға көбейіп, орналасу тығыздығы солтүстік облыстарға қарағанда 4 есеге дерлік асып кетуі ықтимал.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика