• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Демографияның өсуі  — қандастарымыздың елге қайта оралуында…

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

Мұндай жағдай Түркиядан келген қазақтарға да тән. 1989-1999 жылдары республикаға Ираннан 2968 қазақ, Түркиядан 1755 қазақ қоныс тепті. Қандастарымыздың өз атамекеніне оралуы заңды қүбылыс. Бірақ оралмандарды елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына бейімдеу өзекті мәселе күйінде қалуда. 1990-жылдардың басында «Қайт, қазақ еліңе!» деген ұранның көтерілуі асығыс болғандығын мойындауымыз керек. Оралмандардың елде жеткілікті деңгейде қолдаушылық таппай бірқатар қиындықтарды бастан кешіріп жатқандығы көпшілікке аян. Сонымен қатар Қазақстанға келуге тілек білдіріп отырған қандастарымыздың саны артып отырғанына қарамастан, оларға бөлінетін квота көлемінің жыл өткен сайын азая түсуі көңілге кірбің келтіруде. Өз тарихи отанынан оралушылар үшін 1993 жылы 10 мың отбасына (50 мың адамға) квота Моңғолиядан келуші қазақтардың саны бөлінсе, ол кейінгі жылдары қысқара түсіп, 1994 жылы 7 мың отбасына, 1995 жылы 5 мың отбасына, 1996 жылы 4 мың отбасына, 1997 және 1998 жылдары 3 мың отбасына, 1999 жылы 500 отбасына, 2000 жылы 600 отбасына ғана квота бөлінді. Кейінгі жылдары ғана квота көбейе түсті. Сонымен, Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуалға, шетелдердегі қазақтар мен оралмандар мәселелеріне қорытынды жасай келгенде, қазақтар қалай көбейеді деген сұрақ туындайды. Ол заңды да, себебі ұлан ғайыр жері бар, ал халқының саны бар болғаны 15 млн. ғана Қазақстан мемлекетінің әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келіп, әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарына жататыны үлкен ой және қатерлі күдік туғызады. Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін, ел басымыз 2015 жылға дейін республика халқы санын 20 млн.-ға жеткізу қажеттігін баса айтып келеді. Міне сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына өкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы қажет. Бұл жөнінде Кеңес заманындағы бай тәжірибені қайта жандандырып, кеңейтіп, байыта түсу, ол үшін мемлекеттік қор құрған да жөн. Ал сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін де мұнан да күрделі шаралар іске асса жөн болар еді. Мүмкіндігінше квотаны шектемей, егер оны алып тастауға болмаса, қазақтар тұрған шет мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үрдістерін жеңілдетіп, тездету, ал көшіп келгендер үшін барлық жағдайды жасау да керек. Шетелдердегі қазақтардың тек жартысын ғана осы 4-5 жылдың ішінде қабылдап алғанда, Қазақстан халқының, әсіресе қазақтардың саны күрт өсуге нақтылы мүмкіндік пайда болар еді. Қазақ халқына тарих берген осындай мүмкіндіктерді толық және уақытында пайдаланып, елдің санын көбейтіп, қатарын нығайта түсіп, өркениетті қауымда өз орнымызды алғанымыз жөн-ақ.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика