Демографиялық-әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 сыныптарда вариативті оқу жоспары есебінен «кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді. Білім алушылардың кәсіптік қабілеттерін сұрыптау өз алдына жаңа кәсіби кадрларды талап ететіндігін ескеру міндет. Осы бағытта Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтанда «кәсіпкерлік негіздері» пәні шеңберінде мұғалімдерді оқытып, арнайы қысқа мерзімді курстарды 111 педагог, мектеп, колледждер және жоғары оқу орындарының оқытушылары өтеді. Осыған қоса «Өрлеу» желісінде педагогтардың біліктілігін арттыруды ескерсек бұл бағыттағы түрлі құрылымдар тиімділігі бірегей оқыту факторына емес, мемлекет қаражатын «игеруге» негізделгендігін атап көрсетуге болады. Соңғы 10 жылда халық санының қарқынды өсуіне қала аумағына жақын орналасқан аудандар елді мекендерінің қосылуы әсер етті. Нәтижесінде Шымкент қала аумағының 116 280 га дейін ұлғаюына әкеліп, халық саны 1,0 миллионнан асты» (Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 498қаулысы //). Мұндай жағдайда қала аумағына жақын орналасқан елді мекендердің оңтүстік өңірлерде көп шоғырлануы (қашықтық 100 км. дейін) инфраструктуралық дамуға мүмкіндік берсе, Қазақстанның батыс аймағында қала мен елді мекен алшақтығы (қашықтық 150 км. артық) ауыл өмірі коммуникациясын құлдырата түседі. Бұл орайда ауылдар санының азаюы ресурстардың жеткіліксіздігінен туындап отырғандығын анықтауға болады. Осы процестерді басқаруда демографиялық өзгеріс жағдайындағы жергілікті және өңірлік биліктің нақты міндеттерін түсіну үшін өңірлер мен елді мекендер арасындағы кіріс айналымын ескеру маңызды. Қазақстанда халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 2005 жылдан бері 20 %-ға өсті және 2017 жылға қарай бір адамға шаққанда 21,4 шаршы метрді құрады. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін бір тұрғынға кемінде 30 шаршы метр тиесілі болуға тиіс. Бүгінгі күні Қазақстанда тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен едәуір артық және халықтың көші-қоны, демографиялық ахуалдың жақсаруы, урбандалу сияқты факторлар сұранысты арттырып отыр (Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы// .«Нұрлы жер» бағдарламасының сандық деректері бойынша Қазақстан халқының саны 2015 жылдан бастап 4,5% артып, 2018 жылғы 1 ақпанда урбандалу деңгейі шамамен 57,4 % құрайды.
R-ақпарат