• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Демографиялық даму экономиканың өсуіне, елдің қорғаныс кабілеті мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.

Автор:admin

Окт 5, 2022
Spread the love

Мемлeкеттік демографиялық саясаттың тұжырымдамасы елдің демографиялық дамуының негізгі қағидаттарын, басымдықтарын және міндеттерін білдіреді. Аталған Түжырьімдамада демографиялық даму ретінде халық санының өсуін ынталандыруға бағытталған, ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерге жауап беретін саяси, әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық шаралардың кешені ұғылады.
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ел Президентінің «Қазакстан-2030» жолдауында күшті демографиялық саясат елдің үлттық қауіпсіздігінің жетекші басымдықтары қатарына шығарылды.
Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік демографиялық саясаттың субьектілері болып табылады. Мемлекеттік құрылымдардың демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі әріптестері халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық және басқа да ұйымдар болуға тиіс.
Тұжырымдама адамның негізге алынатын қүқықтарын сақтаудың негізінде жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік демографиялық саясаттың негізін айқындайды.
Түжырымдама әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен елдің тұрақты экономикалық дамуға көшуінің қазіргі заманғы кезеңіне және ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.
Елдің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы белгілі бір жәрежеде таяу болашақта демографиялық ламуды реттеу жүйесінің шектеушісі болып табылады. Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді.
Мемлекеттқ демографиялық саясат халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қагидаттары мен нормаларына жоне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Зандарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген.
Түжырымдама демографиялық дамуды реттеудің дүние жүзілік тәжірибесін ескереді.
R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика