Қазақстанның КСРО құрамында болған тарихын да естен шығармау керек. Кеңес үкіметінің тұсында мемлекет жылдар бойы гендерлік саясаттың монополиялық объектісі мен субъектісі рөлін атқарды. Кеңестік отбасылық саясатта тек әйел-ана мен оның балалары ғана нысан ретінде қарастырылды. Мемлекет ерлердің отбасылық немесе әкелік рөлін өзінің басымдылығы ретінде танып, білмеді. Ерлерді ақы төленбейтін үй шаруасына тарту кеңестік отбасылық саясаттың мақсат-міндеттерінің қатарына тіпті енген де жоқ. Кеңестік отбасылық саясаттың нәтижесі мемлекеттік патриархаттың нығаюына алып келді. Онда мемлекет пен әйелдердің құрған одағы бойынша мемлекетке ниеттестік танытып, «жұмыс істейтін аналар» гендерлік келісімінің жарлықтарын орындаған жағдайда әйелдер мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын. Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға өту барысында әлеуметтік салада маңызды өзгерістер орын алуда. 1990 жылдардың екінші жартысында гендерлік саясаттың жалпы болмысын қайта қарастырудың қажеттілігі туындады. Бүгінгі таңда біз қазіргі Қазақстанда гендерлік қатынастар трансформациясының берік беталысы ретінде неотрадиционализм құбылысының қайта жандануын байқаймыз. Бұл беталыс үстемдік сипатта. Сонымен қатар гендерлік саясаттың идеологиясы мен құралдарында дәстүршіл дискурстың жүйелене түсуі байқалады. Трансформацияға түсіп отырған қазақстандық қоғамда гендерлік саясатқа дәстүрлі, пронаталистік және фамилистік – бұл сипат отбасылық (әке, ана және балалар) үлгіге бет түзейді – сипат беруге болады. Іс жүзінде қазақстандық неотрадиционализм трансформацияланған қоғамда мемлекеттік идеологияға айналуда. Қазақстанда гендерлік саясатты жүзеге асыруды реттейтін бағдарламалық құжат 2005 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің № 1677 жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» болып табылады. Аталмыш стратегияда төмендегідей басты мақсаттар атап көрсетілген: 1. Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету; 2. Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке қол жеткізу; 3. Экономикада гендерлік теңдікке қол жеткізу; 4. Гендерлік білім; 5. Құқықтық және гендерлік ағарту ісі; 6. Ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын нығайту; 7. Қоғамда жынысқа байланысты зорлықзомбылыққа жол бермеу; 8. Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу; 9. Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту; 10. Гендерлік-сезімтал қоғамдық сананы жетілдіру.
R-ақпарат