• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендерлік теңдік – демократияның негізгі тармағы!

Автор:admin

Окт 2, 2022
Spread the love

Еліміз гендерлік саясатты іске асыруда біршама жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы әйелдердің­ жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдарға (Бейжі­ң тұғырнамасы), әйелдерге қатысты кемсітушіліктерге жол бермеуге, әйелдерді­ саяси құқығын қорғау мәселелеріне қатысты қабылданған бірқатар халықаралық актіні ратификациялады.

2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы мақсаттарын іске асыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдады, ондағы 17 мақсаттың 12-сі қоғамда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді көздейді. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйел, қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту негізгі мақсаттардың бірі ретінде көрсетілген. Ол жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысанын жоюға және қыздар мен әйелдер үшін мүмкіндіктер мен қарым-қатынастың теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Елімізде, қоғамның барлық саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында жоғары мемлекеттік деңгейдегі гендерлік саясат институты – Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, жұмыс істеп келеді.

2016 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Президентінің № 384 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бекітілді. Бүгінде Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары, басымдықтары мен міндеттері осы Тұжырымдамада айқындалған. Тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты – қоғам өмірінің барлық саласында ерлер мен әйелдердің тепе-тең құқықтарға, пайдаға, міндеттер мен мүмкіндіктерге қол жеткізуі, жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысаны мен көріністерін еңсеру. Елімізде 2009 жылдың 8 желтоқсанында ерлер мен әйелдердің тең құқығы мен тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданған болатын. Осы заңның 9-бабында ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуінің кепілдіктері туралы арнайы нормалар қарастырылған. Соған сай, мемлекеттік органдардың басшылары ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеті мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Оған қоса, мемлекет мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ерлер мен әйелдердің тең әріптестік қатынастарының сақталуын қамтамасыз етеді. Заңда көрсетілгендей, осы белгіленген талаптарды бұзу заңсыз өкімдердің (бұйрықтардың) немесе мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс нәтижелерінің күшін жоюға әкеліп соғады. Осылайша, елімізде арнайы заңмен мемлекеттік қызметте әйелдер мен ерлерді бөле жарып қарауға немесе белгілі бір артықшылықтар беруге тыйым салынған.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика