• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Гендерлік саясат – әлеуметтік қатынас

Автор:admin

Окт 1, 2022
Spread the love

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы — шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі.Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. Ал гендер дегеніміз не? Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік  және мәдени нормалары мен рөлдердің жиынтығы.GENDER  — сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс /еркек,әйел/ дегенді білдіреді. Ал, гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.Ұлттық гендерлік саясат еліміздегі демократиялық үрдістердің ең маңызды құрамдас бөлігі. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыздың ұстанған саясаттың бір басымдығы болып келеді.Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді.

Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады. Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу, білім беру саласында гендерлік білімді енгізу, өмір сапасын арттыру және тұрғындардың ұдайы өсімін қамтамасыз ету үшін жасөспірімдермен әйелдердің, ерлердің репродуктивтік денсаулығын  нығайтумен сақтау, жынысына қарай зорлық-зомбылық көрсетпей, отбасындағы міндеттер мен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.Аталған стратегияны жүзеге асыру мақсатында  2009 жылы Қазақстандық заңнаманы күшейтетін 2 заң қабылданды. 2009 жылы 4-ші желтоқсанда «Тұрмыстағы зорлық зомбылықтың алдын-алу туралы» заң қабылданды, ол адамдар мен азаматтардың отбасылық – тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық  құқықтарын қорғауға бағытталған. Қабылданған заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын  алу және жолын кесу бағытында шынайы құқықтық жағдай жасады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика