• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ІСІ» тақырыбында кездесу өтті.

Автор:admin

Июл 26, 2023
Spread the love

Отбасындағы зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның әлеуметтік мәселесі. Соңғы жылдары Қазақстан гендерлік саясатты іске асыруда белгілі бір ілгерілеуге қол жеткізді. Ең алдымен, бұл әйелдер әлеуетін мақсатты дамытуда, еңбек қызметінде, бизнесте, саясатта және мемлекеттік басқаруда ерлер мен әйелдердің тең көрінісі үшін жағдай жасалуда, әйелдердің сапалы білім мен денсаулық сақтауға тең қол жеткізуі қалыптасуда, сондай-ақ ананы жан-жақты қорғау қолға алынған.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» өкілдері №9 Шымкент қалалық емхана мамандарымен бірлесіп, «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» атты Жаңаталап тұрғын алабының аналарымен еркін форматта кездесу ұйымдастырды.
– Шалғай аймақта тұратын аналармен байланыс орнатып, кездесу ұйымдастыруда.Мұндай кездесулердің мақсаты, қиын жағдайға түскен аналарды қолдау, үйде отырып қалған көп балалы аналарды жұмысқа, кәсіпке баулу, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау, – дейді «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясының» маманы Айжан Молдабаева. ⠀
Кездесуде «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Айтбекқызы сөз сөйледі. Жиналған жас аналар психолог, гинеколог мамандарға сұрақ қойып, кеңес алды.
– Тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың себебі көбіне әлеуметтік мәселелерге тікелей байланысты. Жұмыссыздық, жалпы психологиялық тұрақсыздық, отбасындағы материалдық деңгейдің төмендігі, маскүнемдік осы факторлардың барлығы адамды құлдыратады. Қазір жұмыссыздарды жұмыспен қамту, өз ісін бастауға ниеттенгендер үшін мемлекеттік грант секілді мүмкіндіктер көп. «Бақытты жанұя» орталығы жайлы біреу білсе, біреу білмей жатады. Осындай әлеуметтік орталықтар қазір әйелдерге көп қолдау көрсетуде. Тегін кәсіптік оқулар бар. Біз Шымкент қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарымен бірлесе тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, көмек сұраған аналарға кеңесімізді беріп отырамыз, – дейді Баян Жандосова.
Ұйымдастырушылар осындай кездесулерді алдағы уақытта шалғай орналасқан басқа да тұрғын алап тұрғындармен бірлесіп өткізетіндіктерін айтты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика