Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында гендерлік саясатты жүзеге асыруда бірқатар жетістіктерге жетті.
Осы кезеңде Қазақстан әйелдердің мәртебесі мен құқықтарына қатысты бірқатар ауқымды және халықаралық келісімдерге қосылды және бекітті. Гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың тұтас институционалдық жүйесі қалыптасқан, елеулі құқықтық база құрылды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) гендерлік айырмашылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 144 елдің ішінде 52-ші орында тұр. «Экономикалық қатысу және әйелдер мүмкіндіктері» көрсеткіші бойынша – 30 орын, «Білім деңгейі» бойынша – 48 орын, «Денсаулық индексі» – 36 орын, «Саяси ілгерілеу» – 93 орын.
2016 жылы жұмыспен қамтылған халықтың ішінде әйелдер саны 4,1 млн адамды немесе 48,1% құрады. Жалдамалы жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы саны 3,1 млн. адам немесе 75,7%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1,0 млн. адамды немесе 24,3% құрады.
Әйелдер экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді, атап айтқанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 74,5%, білім – 74,0%, қызмет көрсету саласында – 72,9%, қаржы және сақтандыру қызметі – 59,1%, сауда – 59,8%, көркемөнер мен ойын-сауық – 57,4, ауыл шаруашылығы – 44,2%, мемлекеттік басқару – 39 , 3%.
2009 жылы Қазақстан Республикасында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстанда гендерлік теңдікті сақтау үшін және әлеуметтік ортаны қалыптастыру бағытында бірқатар кешенді шаралар жұмыс жасап жатыр. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламалардың алар орны ерекше екендігін айтқымыз келеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдамада мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты – ерлер мен әйелдердің қоғамның барлық салаларында тепе-теңдік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттер мен мүмкіндіктерге қолжеткізуі, гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеру.
Мемлекеттің гендерлік саясаты бойынша алға қойылған мақсатқа қолжеткізу үшін нақты міндеттер мен мақсатты индикаторлар анықталуы қажет.
R-ақпарат