• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Волонтерлік қызмет — еріктіліктің ертеңі!

Автор:admin

Июн 9, 2022
Spread the love

Волонтерлік – ақжүрек қызмет «Волонтерлік» ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius «ерікті» мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді. Қызмет тегін жүзеге асады. Кез келген адам еркіне қарай волонтер бола алады. Егер өзіңіз не серігіңізбен айналадағы қоқысты жинасаңыздар, экологиялық волонтерлік деп атауға болады. Демек волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш. Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер Қоршаған ортаны сақтау: қорықтарды, өзен-суларды, жан-жануарларды аңшы-балықшы-броконьерлерден қорғау қызметі Табиғи және әскери апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету: психологиялық жәрдем, сауда-саттықпен көмектесу, тамақ дайындау, бұзылған объектілерді қайта қалыпқа келтіру, жоғалғандарды іздестіру, медициналық қолдау  Нормативті-заңнамалық база жасақталады Волонтерлер жұмы­сын табысты жүргізу үшін өзінің нормативті-заңнамалық негізде­месіне сүйенеді. Маңызды міндет­тердің бірі – волонтерлерді дайын­дау үшін тренингті бағдарла­маларды әзірлеу. Тұрақты түрде оқыту семинарлары өткізіледі. Биыл дәстүрлі «Зерен» жастар лагері осы тақырыпқа арнала­ды. Волонтерлік идеясы бі­лім ордаларындағы оқыту бағдар­ла­маларының элементіне айналады. Азаматтарымыздың игі ісін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы халқымызға жеткізіп отыру керек

Ұлттық волонтерлік желімен өткізілген іс-шаралар

Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-шы конференциясы (MCED-6).

ЕҚЫҰ Саммиті.

2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары.

Аталмыш шаралардың топтар көшбасшыларын жəне волонтерлерін дайындау бойынша негізгі жаттықтырушылар – ҰВЖ мүшелері.

«Бірлігіміз жарасқан!   Көптің   тілегі  –күш!» атты концерт-фестиваль, Астана қ. Қазақстан халқы   Ассамблеясының   17 сессиясы.

Қазақстандағы волонтерліктің даму проблемалары

Бүгінгі шынайлықпен өзекті болып табылатын волонтерліктің заманауи интрепретациясының жоқтығы;

Волонтерлік бастамалардың мемлекеттік деңгейде қолдау таппауы, ал бұл мемлекет халқының арасында этикалық жəне моральдық құндылықтарды қалыптастырудың идеологиялық құралы;

Волонтерлік бастамаларды, халықтың волонтерлік туралы «дұрыс» ұғымын қалыптастыруды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының төмен белсенділігі;

«Волонтерлік қызмет туралы» Заң жоқ, соған сəйкес волонтердің де мəртебесі анықталмаған. Бұл орайда олардың əлеуметтік маңызын ескере отырып еріктілер қызметі туралы жеке заң жобасын əзірлеу өте дұрыс болмақ.

Волонтерлікті дамыту үшін ұсыныс

Мемлекет үшін:

Волонтерлік туралы заң елімізде волонтерлік статустың жоғарылауымен, жағдай жасау мен волонтерлік құжаттамасы, сонымен қатар волонтерлік институтың қалыптасуы мақсатында қабылдау керек. Волонтерлерді құқықтық қолдау арқылы біз волонтерлер тегін жұмыс күші ретінде пайдалануды тоқтатуда, статусын жоғарылату үшін, волонтерлардың жақсылық жасауына жағдай жасау жəне халық арасында волонтерлік мағынасын түсіндіруде пайданатын едік.

Волонтерлардың ел экономикасына үлес қосып жатқандығы туралы ресми зерттеуін қолдау.

Ауылдық жерлердегі волонтерлік ҮЕҰ қолдау көрсету.

Волонтерлікті дамыту үшін ұсыныс

Ұлттық еріктілер ұжымы үшін:

Волонтерлік туралы заң қабылдауын қадағалау.

Волонтерлік туралы əлеуметтік жарнамалардың алға басуын қадағалау, соған байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыру, БАҚ бірлесу.

Волонтерлік қызметке аға буын өкілдерін шақыру.

Ұлттық Волонтерлік желіге ақпарат жəне тəжірибе алмасу үшін қосылу.

Ата-аналармен, ұстаздармен, ұйымдармен, волонтерлермен ақпараттандыру істерін жүргізу, ол мəліметтер өте қажет болуы мүмкін. Жас волонтерларды елге қаншалықты маңызды əрі қажет екендігін түсіндіру.

Мектептерде, колледждерде, университеттерде дамуына септігін тигізу.

Бизнес құрылымы үшін.

Жергілікті бірлестіктер үшін əлеуметтік жарнама жүргізуде волонтерларды жəне волонтерлік ұйымдарды қатыстыру.

Волонтерлік тəжірибені жұмысқа орналысуда ескеру.

БАҚ əлеуметтік жарнамалардың жарнамалауына қолдау көрсету. Басқаға қуаныш сыйлай білген- ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Менің ойымша, ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейрімділік көрсету,жаңа дағдыларға үйретіп адамдар,ға жақсылық, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да әсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болу үшін көмектесу, тағдырдың тезі мен қиын жағдайға тап қолынан келгенше сүйеу бола білу. Ол екінің-бірінің қолынан келе бермитін іс деп ойлаймын. Ерікті волонтер болу үшін адамдарға ниет білдіру жаны ашып есіркей білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық,парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек деп білемін. Волонтер латынның «voluntarius» -ерікті деген сөзінен шыққан. Адамның қалауы бойыншы өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласуы. Еріктілек-өзінің атқарған ісі үшін ешкімнен төлемақы күтпейді. Себебі, бұл іс- еріктілердің жүрек қалауымен атқарған істері.

Жалпы, тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін ерікті адамдар бірлесіп өнім жинаған, үй соққан жол жөндеген. Алайда XIX ғасырда индустрализация,ақша рөлінің жоғарлауы бір-біріне көмек беру және ынтымақтастық секілді құндылықтарды үзген секілді. Ол жеккөрушілікке қарсы дәру ретінде Бірінші Дүниежүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия, Англия,Германия және Швециядан волонтерлар соның ішінде бұрнғы сарбаздар Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған болатын.Міне,осдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы валантерлік қозғалыс пайда болды және ол қазіргі кезге дейін қызмет етуде.

Волонтерларға параллелді көмек түрлері?

Бірінші кезекте бұл «Асар» ұйымы бұл ерте уақыттағы көмек сұраған адамдарға ерікті көмек көрсету түрі. Қыстақ салуда, той және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмек береді. Асар түрлі жастағы және әр түрлі әлеуметтік статусқа ие адамдар бір істе біріктірген мұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол қоғамдық игілік үшін қажет деп ойлаймын.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика