• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ВОЛОНТЕРЛІК МЕЙІРІМ КІЛТІ

Автор:admin

Июн 20, 2024
Spread the love

№2 Оқушылар сарайының Медиа залында Волонтерлік мейірім кілті атты баспасөз конференциясы өтті.
Конференция барысында волонтерлікпен айналысып жүрген арнайы клубтардан келген спикерлер сөз сөйлеп, еріктілер құрамында болудың артықшылығы түсіндірілді. Баспасөз конференциясында ата-аналар сұрақтар қойып, волонтерлік ұйымдар жайлы нақты ақпараттарға қанық болды.
— Баланы жастан дегендей, оқушылар сарайындағы 10-12 жастағы балаларды қала тазалығына, жануарларға қамқорлық көрсетуді үйретуге дәріптеу үшін, қоғамдық жұмыстарға қатыстыруды бастадық. Бүгін ол бала тазалыққа, мейірімділікке үйренетін болса, бұл қасиеттер өмір бойы оның жадынан өшпейді. Ата-аналарды шақыру себебіміз, ол кісілер балалардың қауіпсіз әрі пайдалы жұмыстармен айналысатынын білуі керек. Сабақ басталғанға дейін, үйірмелерден тыс уақыта қоғамдық жұмыстарға қатысады. Қыркүйек айынан бастап, сенбі, жексенбі күндеріне арнайы тізім жасақталады,-дейді Оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы.
«Волонтерлік мейірім кілті» атты баспасөз конференциясы оқушылармен тренингке ұласты. Тренинг барысында «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранованың жетекшілігімен ойындар өткізілді. Жеңімпаздарға N2 Оқушылар сарайының басшылығы сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.
«Волонтер» деп айтқан немесе естіген кезде, біз олардың осы қағидаларды қатаң ұстанатын адамдар екенін нақты түсінуіміз керек:
1. ЕРІКТІ ТҮРДЕ – ЯҒНИ, бұл менің не істейтінімді өзім таңдайтынымды білдіреді! Бұл менің тілегім, менің еркім! Сондықтан «біреу мәжбүрлеген», «біреу жұмсаған» немесе «біреу сеніп тапсырылған» адамдардың барлығын волонтерлер деп атауға болмайды. Мүмкін, бұл адамдар да жақсы және пайдалы іс жасап жүрген шығар – бірақ бұл
волонтерлік ЕМЕС.
2. АҚЫСЫЗ – бұл менің жұмысым үшін ақы, сыйақы күтпейтінімді білдіреді.
Бұл ақы үшін жұмыс емес. Бұл — менің риясыз үлесім! Өз қызметі үшін кез-келген үлгіде және мөлшерде ақы алатындардың бәрі волонтер ЕМЕС – бұл жалдамалы немесе штаттық қызметкерлер. Қызметті жүзеге асыру үшін волонтерлерге берілетін ресурстар немесе керек-жарақтар (күректер, тырмалар, майкалар, қалпақтар, байланыс үшін
берілетін бірліктер және т. б.) төлем болып табылмайды
3. ҚОҒАМНЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН – яғни, бұлменің әлеуметтік жағдайды өз ісіммен жақсартып жатқанымды білдіреді. Менің ісім басқа адамдарға пайдалы!
Менің туыстарым, достарым немесе менің бағынатын адамдарым үшін тегін жұмыс жасау, әлеуметтік мазмұны жоқ ойын-сауық, саяси, спорттық іс-шараларға қатысу арқылы мен жақсы және қызықты шаралар өткіземін, бірақ бұл волонтерлік ЕМЕС.
4. ҚЫЗМЕТ – ЯҒНИ, тек нақты амалдар мен іс-әрекеттер волонтерлік болып табылады.
Егер адам немесе адамдар тобы қоғам үшін пайда туралы өз еркімен және ақысыз талқылайтын болса – бұл волонтерлік ЕМЕС. Нақты істер маңызды!
Сонымен, ВОЛОНТЕР – бұл, қоршаған өмірді жақсартудаақысыз, саналы
түрде және жауапкершілікпен өз уақытын қиып, бар күш-жігерін саламын деген таңдау жасаған тәуелсіз, психологиялық тұрғыдан жетілген адам!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика