Бүгін аудан орталығындағы Жастар сарайында «Мемлекеттік қызметшілер күні» және «Қазақстан полициясы күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов аудандағы барлық мемлекеттік қызметшілер мен полиция органының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық және құқық қорғау саласының дамуына қосқан үлесі және мінсіз қызметі үшін үздік қызметкерлерге облыс әкімі мен аудан әкімінің грамоталарын және алғыс хаттарын табыс етті.
Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақбала Құлымбет құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін аудандық мәслихат пен «Аманат» партиясының алғыс хаттарымен марапаттады.
Марапаттау рәсімінен кейін мерекеге қатысушылар аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындағын концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі