Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры болып Байтелиев Мади Мұратбекұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған аудан прокурорын Түркістан облысы прокуроры Тлеубердиев Мұрат Әжінұрұлы аудан активімен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, жаңа міндеттерді жүктеді.
Мади Мұратбекұлы 1980 жылы 18 қарашада Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласында дүниеге келген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылдың наурыз айында ОҚО, Мақтарал ауданы прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының бір қатар басқарма прокуроры, аға прокуроры, Шымкент қаласы, Әл-Фараби, Шардара, Сайрам аудандары мен Түркістан облысы, Түркістан, Кентау қалалары прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Бүгінгі таңға дейін Сауран аудан прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді.